Hi-Tech

Копирайтинг дегеніміз не?

Журналист үшін қажеттілігі қандай?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Копирайтинг деп көзге ерекше түсетін, алайда қарапайым әрі түсінікті етіп жазылған мәтіндерді жазу машығын айтамыз. Әлемнің кез келген бұрышында отырып-ақ копирайтер тапсырыс орындай алады. Копирайтер — жарнамалық, презентациялық мәтін жазудың шебері.

Копирайтерлер офлайн және онлайн түрде жұмыс істейтін компанияға, тәй-тәй басқан және беделді компанияларға, алып және кішігірім компанияларға, интернетті жаулап үлгерген немесе интернеттен мақұрым компанияға, өсіп-дамуды қалайтын кез келген компанияға көмегін тигізеді. Сонымен қатар, маркетинг, бизнес, инстаграм, SMM менеджерлері копирайтингті пайдаланады.

Копирайтинг қызметі:

Лендинг парақшадағы копирайтер жұмысы: сатып алуға иландыратын тауар туралы ерекше ұсынысты (УТП) құру, автор туралы, қызмет туралы жазу, клиенттің бас ауруын, жан айқайын сезіне білу, мақсатты аудиторияның қалауын дөп басу, күмәндарды сейілту, туындаған сұрақтарға жауап беру, лендинг парақшаны тақырып не стратегия бойынша бірнеше блокқа/бөлікке бөлу. Ал, сайттағы копирайтер жұмысы: Сайттың бас бетіндегі мәтінді жазу, бұрын-соңды тауарды сатып алған клиенттердің шынайы пікірлерін жинақтау, тауар/қызмет түрлері туралы ақпарат беретін парақша құру, сайттың ішкі парақшаларын толтыру.

E-mail-маркетингтегі копирайтер жұмысы: компанияны/көрсетілетін қызметті таныстыратын/түсіндіретін хат жазу,тезірек сатып алуға итермелейтін хат дайындау, компанияға деген сенімді арттыратын хат жазып жіберу, транзакциялық хаттарды (сатып алғандығын, броньға қойғандығын, тапсырысты жасағандығын растайтын) уақтылы жолдау.

Әлеуметтік желідегі копирайтер жұмысы: көңіл-күй көтеретін, сатылымды арттыратын, клиенттер жайлы ақпаратты жинақтауға көмектесін, ақпараттық, пайдалы танымдық контент дайындау.

Журналист халықпен тығыз байланыста болғандықтан копирайтингтің рөлі зор. Себебі ақпарат ұзақ сөзді, түсініксіз сөйлемдерден құралса, оны ешкім түсінбеуі анық. Кеннет Роумон мен Джоэль Рафаэльсонның авторлығымен жарық көрген «Как писать чтобы вам доверяли» кітабында копирайтингтің пайдасы жайлы ақпарат бар.

Кез келген тауарды сатқыңыз келсе, көрерменнің көңілінен шыққыңыз келсе, сізді әңгімелесуге шақырғанын қаласаңыз, дұрыс бизнес шешім шығарғыңыз келсе, көп және жаргон сөздерді қолданбаған жөн. Автор үшінжақсы жазу артық жазу дегенді білдірмейді. Біздің өмірімізде компьютер мен электронды поштаға қарамастан қағаз жеткілікті және оны оқып шығуға уақыт жетпейді. Кітапта басқа адамдардың уақытын үнемдейтін бірнеше кеңестер ұсынылған. Сонымен қатар, өз уақытымызға да есеп бергеніміз абзал.

Бұл кітапта екі немесе үш сөзден тұратын сөздерді бір сөзге алмастырған тиімді екенін айтады. Оқырман немесе тыңдарман сізге көңіл аударғанын қаласаңыз, автордың кеңестері пайдаға жарап қалар: Алдымен нақты мақсат құрып алған жөн. Яғни, дәл қазір не жазып, не айтқыңыз келіп тұрғанын анықтап алу керек. Екіншіден қысқа да нұсқа сөздер мен нақты сөйлемдерді пайдаланған жөн. Және мәтін жазарда бірінші жақта жазғаныңыз, сол сәтте тұрғаныңыздай бояу беріп, жазғаныңызды гүлдендіреді. Төртіншіден дерексіз сөздерді пайдаланудан аулақ болған жөн.

Бастысы күрделі сөздердің орнын қарапайым, түсінікті сөзге алмастыру керек. Сонымен қатар, сөзіңіздің анықтығына, дұрыс құрылғандығына мән бергеніңіз жөн. Сөздің тоқ етерін жазып, тіліңіз жазуыңыздың көрінісі болуы тиіс. Орфографиялық қателіктердің болмауына, оқырманға пайдалы болуына, шектен тыс асыра сілтеушілікке жол берілмеуіне, халықтың түсінгеніне толық көз жеткізуге кеңес береді.

Журналист – төртінші билік өкілдері болғандықтан кез келген маман иесі болуы тиіс. Ол жолда копирайтингтің алар орны зор. Сөзіңіз нақты болса, оқырман саны артып, бәріне пайдалы боларыңыз сөзсіз. Халыққа ақпаратты беретін біздер болғандықтан, сөзіміздің нақтылығына мән берейік.