Саясат

Министр Аймағамбетов өтініш жасады

Министр бұл мәселенің өте маңызды екенін айтты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов жоғары оқу орындарынан пандемия кезінде оқу ақысын көтермеуді, сондай-ақ қарызы бар студенттерге бөліп төлеу мүмкіндігін беруді сұрады.

Аймағамбетовтің айтуынша, пандемия салдарынан студенттердің оқуға уақытылы келу мүмкіндігі азайып отыр. Экономикалық ахуал белгілі. Жоғары оқу орындары тарапынан да қолдау жұмыстарын жүргізу қажет. Біріншіден, қарызы бар студенттерге бөліп төлеу мүмкіндіктерін беру. Талдау нәтижесі мұндай мәселенің бар екенін көрсетті. Сол себепті бөліп төлеуге мүмкіндік қарастыру керек.

Сонымен қатар білім министрі бірқатар жоғары оқу орны оқу бағасын көтергелі жатқанын, алайда елдегі ахуалды ескеріп, бағаны көтермеу туралы өтініш жасады.

"Біз алған ақпаратқа сәйкес, біраз жоғары оқу орны оқудың бағасын көтеруді жоспарлап отыр екен. Сондықтан бұл мәселе бойынша да өтініш бар: ахуалды біле тұрып, жоғары оқу орындарында бағаны өсірмеу. Бұл өте маңызды", - деді Аймағамбетов.

Сондай-ақ министр жоғары оқу орындарын қолдау бойынша кешенді бағдарлама қабылданып жатқанын мәлімдеді. Ол жерде тек қаржы мәселесі емес, реформаларға байланысты да шешім қабылданды. Жоғары оқу орындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселесі де қарастырылды.