Қазақстан COVID-19 жұқтырғандар саны бойынша Қытайды басып озды - на bugin.kz
Bugin.kz - на bugin.kz Bugin.kz

Қазақстанда коронавирус расталған тұрғындар саны 87 664-ке жетті, оның 57 815-і індеттен жазылып шықты

Қазақстан COVID-19 жұқтырғандар саны бойынша Қытайды басып озды. Көрсеткіштер COVID-19 таралуын болдырмау жөніндегі ведомствоаралық комиссия жарияланған ресми мәліметте көрсетілген.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне сәйкес, Қытайда 87 457 адамда коронавирус расталған. Ал Джона Хопкинс университеті жариялаған ақпаратта көрші елде 87 114 COVID-19 жұқтырғаны айтылған.

Соңғы тәулікте Қазақстанда 1 472 адамда коронавирус расталды. Оның ішінде:

- симптомды - 828,

- симптомсыз - 644.

Ең көбі астанада (226), Шығыс Қазақстан облысында (211) және Алматыда (208).

Барлығы елде 87 664 адамда ковид расталды. Оның 57 815-і жазылып шықты, 793 адам қайтыс болды.

Қазақстанда 5 шілде - 2 тамыз аралығында карантин енгізілген болатын. Сәрсенбі күні президент карантин шараларын тағы 2 аптаға ұзартуды тапсырды.

sputniknews.kz

0 Пікір Кіру