Әлем жаңалықтары

Тоқаев сыртқы істер министріне қандай тапсырма берді?

Сыртқы істер министрі Тоқаев қандай тапсырма бергенін айтты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ливан астанасындағы жарылыстан кейін қазақстандықтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді тапсырды. Бұл туралы сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді айтты, деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы sputniknews.kz сайтына сілтеме жасап.

Министрдің айтуынша, қазіргі кезде Ливанда консулдық тіркеуде 113 Қазақстан азаматы тұр.  

"Біздің дипломаттарымыз олармен байланыста. Жарақат алғандар жоқ. Дипломатиялық миссияның кеңсесіне зақым келді. Бірақ оның бәрін қалпына келтіреді. Біздің қызметкерлеріміз және олардың отбасы мүшелері зардап шеккен жоқ", - дейді Тілеуберді.

Оның сөзіне қарағанда, қазіргі кезде Ливан аумағында 120 қазақстандық әскери бар. Олар бітімгерлік миссияны орындау үшін барған.

"Олар бір күн бұрын орналасатын жерлеріне жетті. Барлығы аман-есен. Қазіргі кезде олардың ротациясы жүріп жатыр", - деп атап көрсетті Тілеуберді.