Weekend
Қауынды кімдерге жеуге болмайтыны айтылды
Әдетте қауын асқазанға ауыр тиеді. Сол себепті оны аш қарынға немесе тамақтан соң бірден жеуге болмайды. Сонымен қатар зиянды заттардың оның қабығына жақын жерде болатынын ұмытпау керек.
Қант диабеті, асқазан жарасы бар адамдарға, аяғы ауыр және бала емізетін әйелдерге жемеген жөн.
Қауында калий, магний, темір, С және Р дәрумендері бар. Шөлді қандырып, қандағы холестерин деңгейін төмендетеді. Бұған қоса, тыныштандыратын қасиеті де бар екен.