Қоғам

"Біз ойлағаннан да көп нәрсе білеміз". Адам миының кей сырлары

Адам ақылды болып тууы мүмкін, алайда ақылды бола алмайды.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Біреуге ашулансақ «Миың істемейді екен!» деп айтып дүрсе қоятынымыз бар. Алайда адамдардың кейбір кездердегі ақымақтығына оның миының еш қатысы жоқ болып шықты. Ми кез келген адамда істейді, тек бағынғысы келмеген адам ғана. Нейролингвист Татьяна Черниговская адам миының сыры туралы айтып кетіпті. Бөлісе кетсек:

1.Миды жақсы жұмыс істетудің оңай жолы бар. Жай ғана басыңызбен ойланып, әрекет етіңіз.

2.Сіз де жүйке талшықтары қайта қалпына келмейді деп ойлайсыз ба? Қателестіңіз. Таатьяна Черниговская мидың көмегіне сүйеніп, жүйке жұмысын қайта жандандыруға болады дейді. Бәрі оңай. Тек қиын әрі күрделі жұмыстармен айналысып, миыңызды үнемі ойлану үстінде ұстаңыз.

3.Бұлшықеттеріңізді жұмыс істетпесеңіз әлсіреп қалады. Сол секілді ми да дәл солай. Миыңыз бір сәтке тынықпасын. Ең күрделі жұмыс істеуге мидың қауқары жетеді, тек адам ерінеді. Мынаны біліңіз, ауыр жұмыс – миға шипа.

4.Ұлы әдебиет, әсіресе поэзия тілдің бар мүмкіндігін айқындайды. Алайда адам сол мүмкіндікті пайдалана алмайды. Тіл – өте бай, бірақ жай ғана құрал. Оны пайдалана білсеңіз, күшті құрал екеніне көз жеткізер едіңіз.

5.Мидың кімге тиесілі екенін білесіз бе? Өзіңізге ме? Ал Татьяна ханым олай ойламайды. Ол – жұмбаққа толы күшті құрал.

6.Сіз қандай да бір шешім қабылдадым деп мәз боласыз. Бірақ ол шешімді ми сізден 30 секунд бұрын қабылдап қойған. Ал енді шешімді кім қабылдаған болып шығады: сіз бе, миыңыз ба?

7.Иә, ми сіздің бас сүйегіңізде орналасқан. Бірақ сіздікі емес. Ол сізден де күшті. Ми және сіз – мүлдем екі бөлек. Миды бағындыру мүмкін емес. Ол керек шешімді өзі қабылдайды.

8.Тың ғылыми жаңалықтар жоспарлы түрде жасалмайды. Адамның ой-өресі дайын болғанда ғана келеді. Мәселен, Менделеев кестесі тосыннан туған жоқ. Ол үшін ғалым ойланды, басын жұмыс істетті, сөйтіп миы да соған сай іске көшті. Бір сәтте кесте дайын болды. Қиын, күрделі жұмыстар арқылы...

9. «Тумасынан ақылды» дейміз дарындыларды көргенде. Бірақ тағы бір мәселе бар: адам ақылды болып тууы мүмкін, алайда ақылды бола алмайды.

10.Ми ақпараттың бәрін сақтаушы. Адам не істеді, не көрді, оқыды, жеді, ішті, иіскеді, сезінді... Сіз есіңізге түсіре алмауыңыз мүмкін, бірақ мида бәрі сақталады. Сол үшін Черниговская бүй дейді: мән-мағынасыз кітап оқымаңдар, ақымақтармен дос болмаңдар, нашар әуен тыңдамаңдар, сапалы тамақтаныңдар.

11.Өмір сүргіңіз келмей кетті ме, қызығы қашты ма – онда сіз нағыз ақымақ екенсіз.

12.Ми – импульсті желі. Онда бәрі бірге жұмыс істейді. Махаббатқа бөлек орын, кітапқа бөлек, тамаққа, білімге бөлек орын мида болмайды. Бәрін бірдей қабылдайды.

13.Мидың жақсы жұмыс істегенін қаласаңыз, тіл үйреніңіз.

14.Адам өмірді қасқағым сәт деп қабылдайды. Шимай параққа ұқсатады. Өмір өтіп жатыр және жалғыз. Ол сіз парақты ашқан сәттен басталады. Сондықтан парақты мәнді етіп толтыру тек сіздің қолыңызда. Бәрін өзгертуге болады. Тап қазір.

15.Бүгінде жасанды интеллект өзінше дараланып келеді. Бір күн туар, оның да жеке жоспары, мақсаты пайда болады. Сонда біз жасанды интеллектіні игере алмай қаламыз, өмір ағынынан қалып қоямыз. Басыңызды жұмыс істетіңіз, миыңызға бағыныңыз.