Шымкент

Шымкентте қосымша 3 ПТР зертханасы ашылды

Коронавируспен күрес

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бүгінде Шымкент қаласында халықтың денсаулығына қажетті барлық шаралар атқарылуда. Маусым айының соңында Шымкент қаласында жұқпалы аурумен ауырған науқастар саны күрт өсті. 

Пневмониямен ауырғандар 5,8 есеге, ал ЖРВИ-мен ауырған науқастар саны 2 есеге артты. Осы жағдайға байланысты жедел жәрдем қызметіне қоңырау шалатын тұрғындар саны 5 есеге көбейді. Орта есеппен бір күнде 2100-ден аса шақырту түсе бастады.

Шымкент қаласында қосымша 3 ПТР зертханасы ашылды. Зерттеу саны тәулігіне 800 тестке дейін жеткізілді. Бүгінде "ОЛИМП" зертханасының ПТР инсталяциясы жүргізілуде, бұл тестілеу көлемін күніне 1 600-ге дейін арттыруға мүмкіндік беріп отыр. Айта кетерлігі, сәуір-маусым айларында барлығы – 71 548 сынама алынды.

Соңғы кезде вирустың белең алуына айланысты қалалық жұқпалы аурулар ауруханасын қажетті медициналық жабдықтармен қамтамасыз ету үшін жергілікті бюджеттен 502 млн.теңге бөлінді. Инфекциялық және провизорлық стационарлар үшін 21 ӨЖЖ (ИВЛ) аппараттары қосымша сатып алынды. Сондай-ақ, 10 күннің ішінде 40 ӨЖЖ (ИВЛ) аппарат жеткізіліледі деп күтілуде.

Демеушілер тарапынан 200 Бобров аппараты сатып алынды, қосымша компьютерлік томографтардың жеткізілуі күтілуде.

Коронавирустың жеңіл формасымен ауырып жатқан науқастарды бақылау үшін модильдік топтар құрылды. Барлық мобильді топтар бөлек көліктермен қамтамасыз етіліп, медициналық персонал басқа функционалдық міндеттерден босатылған.