Әлем жаңалықтары

Әлемді жылатқан Бесландағы қанды оқиға. Фотолар сыр шертеді

Үш күн бойы террористердің қоршауында болған оқушылар, «балам аман қалса екен» деп жан ұшырған ата-аналар

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Аштан аш, көздерінен жастың орнына қан аққан, үрейге малынған тұтқындар. Қорқынышты көрініс. Әлемді дүр сілкіндірген қаралы оқиға.


1 қыркүйек. Балалардың қуанышты күні, білім алуға деген ниеттерін арқалап мектепке асығатын атаулы күн.Алайда Солтүстік Осетиядағы Беслан қаласы үшін бұл күн қаралы күнге айналған. 2004 жылдың қыркүйегінде қаладағы №1 мектепті «Алғашқы қоңырау» рәсімі уақытында террористер басып алды. Ол уақытта, әлбетте, мектеп іші оқушыға лық толы еді. Мұғалім, ата-ана, оқушыларды қосқанда жалпы саны 1100 адам болды. Басып алғаннан кейінгі үшінші күні күштік құрылымдар ғимаратқа шабуыл жасауға кірісті. 4 қыркүйекке қараған түні террористерді қоршап алу операциясы аяқталды. Ресми деректерге сүйенсек, Бесландағы қанды оқиғаның нәтижесінде 334 адам қайтыс болды, олардың 186-сы балалар. Екі аптадан кейін Шешенастан сепаратист лидері Шәміл Басаев терактінің жауапкершілігін өз мойнына алды. Ал бүгін қаралы күннен фотолар легін ұсынамыз.

Мектеп оқушысы Виктория Кцоеваның қолы. Жараланып ауруханаға жеткізілгенде қолынан крестті тастамаған. 2004 жылдың 3 қыркүйегі

Ресейлік әскери көлік

Беслан тұрғындары мектеп маңайына жиналып тұр, 2004 жылдың 1 қыркүйегі

Фотода террористерден қашып құтылған тұтқындар

ІІМ қызметкерлері қақтығыс орынан балаларды алып шығуда, 2004 жылдың 3 қыркүйегі

Оқиға салдарынан жараланған 100-ге жуық адам мүгедек болып қалған.

Бесландағы оқиғадан кейін жетім қалған бір де бір оқушы жетімдер үйіне өткізілген жоқ. Бәрін туыстары асырап алған.

Мектептегі спортзалда екі жарылыс болған соң ғимаратқа шабуыл жасалды. Террористер қоршауға алынды. Алайда ғимараттан 100-ге жуық өлі дене шықты. Фотода мектеп спортзалы, 2004 жылдың 3 қыркүйегі

ТЖМ қызметкерлері денелерді жинап жатыр, 2004 жылдың 3 қыркүйегі

5-6 қыркүйек күндері Бесланда жерлеу рәсімі өтті. Қабір басына оқушылардың есімдері жазылған тақтайшалар қойылды.

Жерлеу рәсімі 2 күнге созылды. Терактіден қайтыс болғандар арнайы зиратқа жерленді.

6 қыркүйекте Еуропалық Кеңес қаза болғандарды еске алу үшін кезекті отырысты 1 минуттық үнсіздікпен бастады. Ғимараттар алдындағы тулар төмен түсірілді.

7 қыркүйекте Мәскеуде терроризмге қарсы мыңдаған адам митингке шықты. Шеру Лондон, Рим, Париж сынды өзге де ірі қалаларда жалғасты.

Қайғылы оқиғадан кейін адамдар мектеп ғимаратына гүлдер мен жұмсақ ойыншықтар әкеле бастады. Солтүстік Осетияда митинг бірнеше күнге жалғасты. Халық террористердің қатаң жазалануын талап етті.

Теракт салдарынан қаза болғандар жерленген зират.

Билік теракт жайлы алдын ала білген

Мектепті басып алудан бір күн бұрын Солтүстік Осетияның Ұйымдасқан қылмыспен күрес бөлімі және ІІМ басшылығына теракт жайлы, анығында, террористердің үлкен нысанды басып алуы жайлы хабарланған. Алайда билік тарапынан ешқандай алдын алу шаралары орындалмады. Ингушетиядан шыққан онға жуық қарулы террорист Солтүстік Осетиядағы Беслан қаласына кіріп, мектепті жаулады.

Террористер не талап етті?

Терактіден кейін 1 жыл өткен соң қаза болғандардың туыстарымен кездескен Владимир Путин террористердің ешқандай талабы болмағанын айтқан еді. Алайда мектепті басып алғандардың нақты талабы бар еді – Шешенстан жерінен ресейлік әскерді шығарып, әскери әрекеттерді тоқтату.

Тұтқын арқылы террористер Путинге Шәміл Басаевтің видеожолдауы жазылған таспаны беріп жіберген. Бірақ федералдық БАҚ таспаның бос екенін хабарлады. Бұдан бөлек жауынгерлер Ингушетияның экс-президенті Руслан Аушев арқылы Путинге тағы хат беріп жібереді. Онда жауынгерлер талап орындалған жағдайда Ресейге қарсы соғыс қимылдарын тоқтатуға, ТМД-ға кіруге және рубль аймағында қалуға уәде берді