Авторлық ертегі

Жөзекше деп айта алмаймын

Қыз деуге дәтім жібермейді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Кейіпкер күнделігінен:

(сенбі)

Таулар. Қоршаған таулар. Жалғыз бас екі қабатты коттедж бар. Іші у-шу. Жұмыстағы досымның туған күніне демалысқа келгенбіз. Той-думан қызықты. Арағың да, шабаның да барлығы бар. Бас-басына жалдаған қыздар да баршылық. Бір-бірін бұрыннан танитын қызбен жігіт ұқсап майыса билегендерін айтсайшы. Есі дұрыс қыз қалмағансып, бір жапырақ бойы аласа, кішкене қызды қалдырыпты. Қызды көріп, көңілім толмады. Ішімнен бір күндік ләзәт емес пе, нем кетіп жатыр деген оймен құшағына кіре бердім. Кеш батып, түн де болды. Әркім өз бөлмесінде. Менде жатырмын. Еркелегендей сыңай танытып, киімсіз кеудеме жатқаны ашуымды келтіре ме. Бұл да адам баласы ғой, деп қоямын. Түсінгендей болып. Жеңіл жүрісті қыздардың қалай келгені туралы өз ертегі хикаясы барын білетінмін. Көңілсіздеу әңгіме айта қалсам, сонысын қозғарын біліп үнсіз жаттым. Әңгімені соңғы барған елден бастадым. “Грузия. Өте тамаша ел. Виноларына сөзім жоқ. Ерінбей сегіз шақырымдық жер асты туннеліндегі ғасырлық винолардың сапасы” сықылды қызықсыз әңгімелер жинағымды айта бастадым. Өзге елге барғанда шараптарымен қыздарын көру әдетім екенін де айтып жеңіл күлдім. Осылай таңым атты. Жиналып, ұйқылы ояу қалаға тарттық. Қызды, қыз деп айтуға дәтім бармайды. Жөзекше, дегім келеді. Көңілін қимаймын. Бір күндік болса да. Нөмерін беріп, сохранить еткенімді көз қиығымен тексеріп тұр. “Зайка Жөзекше” сақтап қойдым. Көзін төмен түсіріп, ренжіген сыңай танытты. Есікті тарс жауып, көліктен атып шығып кетті.

Мені кім деп отырсаңыз, есімім Арман. Алматыға арман қуып келіп, армансыз қаңғып жүрген адаммын. Осы сөзді әр танысқан адаммен айта беремін. Өзіме күлкілі. Елге жиірркенішті. Жұмысым жеңіл, айлығы жақсы. Бір бөлмелі үйде өзім ғана тұрамын. Көлігім есік алдында. Жалғыз тұруымды өзіме қолайлық үшін, тыныштық үшін,-деп жаабамын. Жасым отызға таяп қалды. Әлі үйленбегенмін. Балам да жоқ. 

Шараптардан виноны. Қалғандарын татқаным болмаса. Мектеп кезінде көп ауырып, ата-анам советтің адамы болғасын виномен емдепті. Содан әдет болып қалғанды. Ел аралау тұрақты көңіл көтеруімнің бірі. Ал қыз баласы ауруым. Жеңіл етек көрсем, жеңіліп қала беремін. Қаладағы жүрісті қыздардың барлығында болмаса да, бір шамасында нөмерім бар. Бос болып қалған кездерінде хабарласып, кездесу ұсынады. Әрине тегін емес. Бір құмарың осынша, бір түнің осынша. Бағаларын айтып, шулы кафелердің бірін таңдаймыз. Арысын-ары аптадан кейін...

Сенбі

Туған күннен кейін біраз уақыт өткен. Әлгі қыздың еркелегеніндей біреу кеудеме жатса ғой. Үйленгім-ақ келеді. Жүрегім бірақ, ешкімге жылымайды. Сол қыздың жеңіл күлгенін көргім келіп тұр. Контактыны ақтарып, ақыры тауып, хабарластым. Кездесуге келісіп, дайындала бастадым. Бұл жолы әдеттегі кафе емес. Гагариннің бойында тыныш кафе бар. Соны таңдадым. Тып-тыныш. Тоғызда. Жеті минут ерте келетін әдетім тағы бар. Универде оқып жүргендегі әдетім он жыл болса да қалмапты. Кездесуге рахат үшін емес. Тек әңгімесін тыңдап, сөйлескім келгені. Жалғысырап жүргеннен бе?

Қыз уақытылы келді. Қолында “Тұмар” сағаты болса да, сағатына қарамайтынын байқадым. Уақытылы келуі жұмысымен байланысты екені түсінікті. Алғашында ұсқынсыз, күнделікті жүрістілердің біреуі секілді көрініп еді. Ойламаған жерден квартираға шақырдым. Қанша қызбен болсам да, қызды үйіме әкелмеппін. Бұл жолы бәрі басқаша. Екеуміздің екінші таңымыз атты. Бұл түні оныңда саяхаттау екінші жұмысы екенін білдім. Шығарып салмай-ақ қой, өтінуімен киімсіз есікті жауып алып, ұйқыға бастым. 

Сейсенбі:

Іш пысарлық аптаның екінші күні. Сол тамақ, сол ойын. Кешке дейін бар шаруам осы. Бұл күні студенттік кезде киноны жібермеуші едік. Досыңмен, танысыңмен жан-жағымызға қарамай бару деген қалған жайында.

Өмірім сол студенттік кезде бітіп қалған сияқтанады. Жұмыс біткеннен кейін киноға барамын деп қойдым. Кіммен? Соткамдағы соңғы хабарласқан адаммен барамын. Соткама кешке дейін қарамадым. Кімге хабарласып едім соңғы рет? Охраник Мұрт болмас болды да. Мырс етіп күліп қоямын. Кеште батты. Соңғы хабарласқан адамға қоңырау шалдым. Тағы да сол. “Ладно, забей” кіммен барсам да бәрібір емеспе? Киномыз басталмай тұрып жақын жердегі кафеге барып тамақтанып алдық. Кино көріп болғасын менің үйіме тарттық. Әрине тегін емес. "Айлығым осыған кететін болды ғой" деп қоямын. 

Сәрсенбі

Таңға жуық оянсам кухнядан дауыс шығып жатыр. Кимешең "Зайка" таңғы ас жасап жатыр екен. Бұл үйде таңғы ас тұрмақ газ қосылмаушы еді. Артынан барып, қапсыра құшақтап біраз тұрдым. Бара-бара жамандығынан көрі жақсылығы көбейіп бара жатқан сияқты. "Сен ұйықтап жатқанда қалтаңнан аздап ақша ұрлап продукт әкелдім қарсы емессің бе?" дегендей сыңай танытты. Сәл өтірік жымидым. Ішімнен “Бүйте берсем жөзекшеге үйленіп тынармын” депте қоямын. Көп жылдардан бері ішілмеген таңғы асым тым дәмді болыпты. Онысын жүзімнен де байқапты. 

"Өзің жалғыз тұрасың. Ішің пыспай ма? Если хочешь мен келіп тұра аламын. Жалғыздыққа үйреніп, жұрттан бөлініп кетіпсің.

- Қаласаң келіп тұр, қаласаң осында тұр. Өзім тұрғым келмейді. 

Байқамай не айтып қойғанымды білмей қалдым. Аты-заты белгісіз. Ұры ма? Ауру ма? Миымда неше түрлі сұрақтар. Оңай келісе кетті.

- Осы үйге орналасар болсаң удостоверенияңның копиясын жібере сал. временный пропискаға тұрғызамын. Бір-ақ шарт үйге жігіт әкеліп жүрме!

- Аха

Уатсаптан жіберді. Шын аты кім екен деп қарасам “Зайка” деп тұр. Аты шли мұндай емес шығар енді. Өзінен сұрадым. Солай екен. Естігім келмеген хикаясын тыңдадым. Анасы да осы іспен айналысыпты. Көтеріп қойып, аборт жасатуға бармапты. Әкесі кім екені білмейді. Туғалы сол жерде өсіпті. Бірақ мектепті жақсы оқыпты. Тағдыр деген осы екен ғой. Временный пропискаға қойып, Кешкі пробкамен үйге келдім. Заттарын жайғастырып, үйді жинап қойыпты. Жеңіл киіммен тамақ істеп жүр. Тағы келіп құшақтап алдым. Көптен бері ешкіммен араласпағаннан ба, жоқ әлде ұзақ бірге болғаннан ба бауыр баса бастадым. Жып-жылы. Маған керегі осы сияқты. Бірге тұратын болғандықтан көп нәрселерді әңгіме қылатын болдық. Елдер, қалалар. -Келесі ай Түркістанға барамын. Менімен барасыңба? Қуана-қуана келісімін берді. Басқа жеңілтектер сияқты емес, таза жүреді екен. Жататын орны, үй, кухня. Анасы қызын өзі сияқты болмаса екен деп бар күш-жігерін салыпты. Ол үміті ақталмаған секілді.    

Тамақтанып ұйқыға бастым. Қыз жұмысына кетті ме, басқа ға кетті ме онысын білмедім. Сұрамадым да. Ертең күн ұзақ. 

Бейсенбі

Таңғысын ерте тұрып, жұмысқа дайындалдым. Үйге келмеген секілді. Бәрібір емес пе? Басқа біреуде не шаруам бар? Өз жұмысы, өз өмірі.

Таңғы пробка. Айналама қарасам бәрі ұйқылы ояу. Автобус ығы-жығы. Жасыл, сары, қызыл түстер таң атпай зығырданымды қайнататындай. Жұмысқа келіп, әркіммен әр түрлі аманласып, дүниені қопарардай орныма келіп жайғастым. Тағы ойын. Арасында шаршаған адамдай шәй ішіп қоямын. Кеште батты. Үйге кештеу келдім. Ымырт кез деуші еді ғой апаларымыз. Үйдің светі өшірулі. Тып-тыныш. Қыз әлі келмегенбе? Келмеген сияқты. Балконның есігі ашық екен. Шықсам, солқылдап жылап отыр. Не болды? - деп сұрамай жанына келіп жайғастым.

 -Енді жұмыс істемеймін. Шаршадым. Хватит уже. Ешкім адам құрлы көрмейді. 

Қайдан көрсін. Ақшаңды беріп, денеңді сатып алған жоқ па? дегім келеді. Көзі көгеріпті. Алқаш біреу мал тепкілегендей төмпештеген сияқты. 

-Өз өмірің емес пе? Одан да басқа жұмыс табылады ғой. Жұбатқан сыңай таныттым. 

-Жуынып-шайынып реттеліп ал. Демал. Үйде біраз бол. Кейін жұмыс іздеп көрерсің. Басын изеп отыра берді. Мазасын алмайын деп үйге кірдім. Бірер уақыттан кейін тұрып ваннаға қарай жүре бастады. Үстінің сау жері қалмапты. Хайуан-ай. Бүгін үйде тамақ істелмеді. 

Жұма

Әдеттегіден ерте ояндым. Таңның атуын тамашалауды ұнататынмын. Аяғымның ұшымен жуынбай балконға шықтым. Қала үн-түнсіз. Анда-санда бір көлік. Жанып-өшіп тұрған үш свет. Үйден де ерте шығып кеттім. Кешке дейін уақыт өткізіп, үйге келдім.

Майдың пышырлаған дауысымен әдемі иіс. Иығынан сәл ғана түскен шашын артына тастаған, қысқа киген киімімен тамақ істеп жүргеніне ұзақ қарадым. Ештеңе ойламадым. Сыртынан қарасаң еш күнәсіз, пәк дерсің. Тәні болмаса, жаны тап-таза секілді. Көгерген көзімен артына қарап, маған жымия қарады. 

- Няғып тұрсың? Мені артымнан сығалап тұрсың ба? 

- Сығалап қәйтем. Қойнымда жатқан жоқсың ба? Күлкіге айналып кетті. 

- Жұмысыңды не істейтін болдың?

- Тастайм. Осы күнге дейінгі қорлығым жетер. Қанша рет сөз бердім. Офицант болсам да ол жұмысқа жоламаймын.

- Мммм. Жақсы екен. 

Кейіпкер жазбасы:

Уақытта өтіп жатыр. Сол қыз жұмысын тастағалы өзгеріп бара жатыр. Сұлуланып бара жатыр ма? Кезінде бір жөзекшеге барып жүріп, бауыр басып қалып, соған үйленіп алыпты дегенді естуші едім. Өз басыма келмесе болды. Құдай сақтасын. Бірақ одан қай жерім артық. Ол жұмыс арқылы ақша табады, мен ақша құртам. Былай қарап отырсам екеуміздің тірлігіміз бірдей секілді. Қойнымда күн де жатса да, еш қимыл жасамаймын. Үйімді бердім деп қалағаныңды істейсің бе деп жүрсе. Бұл қыз үйге келгелі ақшамды кім-көрінген жеңілтекке ақша шашпайтын болдым. Екеуміз жұп болып кино, кафе, парк аралайтынды шығардық. Қызбен жігіт болып жүру оғанда ұнайтын секілді. Иығыма басын қойып, қолымнан қапсыра ұстаған да ішімнен сенімділік пайда болады. Кей күндер алдымыздан бөтен еркектер шығып, қарқылдап күліп, “Жігітісің ба?”, - деп кететіні бар. Намыстан өліп кете жаздаймын. Бірақ қыздың көзіндегі жасты көргенде жұбатуға асығамын. Бұл оқиға көп болмаса да кездесіп тұратын. 

Арада бір айдай уақыт өтті. Түркістанға баратын уақытта жақындап қалды. Маған командировка. Жататын жер, билеті барлығы тегін. Екеуміз қолыстасып жолға шықтық. Алғашқы сапарымыз.

-Машинаны аэропортқа тасатай саламын. Қайтуымызға ыңғайлы болсын. 

Бір сағаттық күту, екі сағаттық ұшумен Түркістанға да келдік. 

-Бұл жерде баға удай. Сыртына шығып такси ұстайық. Бұл қаладан көп нәрсе күтпе. Кішкентай қала. Басын изеп қояды. Бұрынғыдай ала-бажақ емес, жақсы киіне бастаған секілді. Кейде мойнынан құшақтап, тамағынан иіскеп қоямын. Қойшы демейді. Бүгін кешке Яссауи кесенесіне апарып, кешкі күмбезбен суретке түстік. Сол маңды айналып, қонақ үйге қайттық. Ертеңгісін ерте шығуым керек. Бұл түрімізбен ұйықтап қаламыз-ау. 

-Ертең обедте босаймын. Жақын жерде жақсы кафе бар. Сонда тамақ ішіп, сосын аралаймыз. Қытайлар ұқсап “окәлә” дейтін әдет шығарыпты. Мақыл, мақыл,- деп келеке қыламын. 

 Кесенені аралап болдық. Ішінде қисайып тұрған найзаны көрсетіп “Абылай хан он бес жасында қолтығына қысып ойнап жүрген екен”,- деп сонау жылдан бері тығып келе жатқан өтпейтін приколымды тағы тықтым. Ішінде Ханның тағы бар екендігі қазір онда кіруге тыйым салынғандығын айтып едім, өкінгендей сыңай танытты. Сыртына шыға бергенде кішкене күмбездің не екенін сұрады. Бұл Рабия бегім кесенесі. 

- Аты әдемі екен.

 Маған “Зайка”деген аты ұнамайтын. Шын атын өзі де білмейді. 

- Есімің өзіңе ұнайма? деп қалдым. Өзіне аты-жөн ойлап, біраз көргендігін айтты. Ешбірі ұнамапты.

- Сенің атың Рабия. Сенің атың Рабия. Сенің атың Рабия,-деп атын өзгертіп жібердік. Қатты қуанды.

- Фамилиямды не істеймін? 

Сәл ойланып, ештеңе келмегенсін

- Яссауи болсын! Қарқылдап күлдік. Рабия Яссауи әдемі сияқты. Атын соткамнан көзінше өзгертім. Алғаш бергендегі “Зайка Жөзекше” деп тұр екен. “Рабия Бегім” болды. Қалаға қайтқанда атын өзгертетінін айтып қуантты. Бұл деген шынымен өзгергісі келіп жүргендігі деп білдім. Қазір “Жөзекше” деп айтуға тілім бармайды. Кешке білетін түрлі хикаяларды айтып бердім. Ертеңгісін тағы жұмысымды бітіріп, обедте жолықтық. -Бүгін отдуши қыдырып алайық. Ертең қайтатын күн. 

Қыдырдық, Күлдік, ойнадық, қайттық. Самсамен шашлыкқа тойдық. 

Көп уақыт өтті. Жалғысарамағасын күнделік жазуды тоқтаттым. Жанымда жан досым Рабия. Иә, атын өзгертті. Офицант болып жүріп, биология кітаптарын оқи бастаған еді. Қәзір білімі ана ғұрлым жақсарған секілді. Дипломсыз қабылдайтын жеке білім беру орталықтарына жұмысқа резюме тапсырып көрді. Қабылдау тестінен сүрінбей өтіп, жұмысқа кірді. Қәзір мұғалім.

Өзіне қатты ұнайтындығы, күнде бір оқиғасын айтып беретіндігіне қарап отырамын.  Универ қабырғасында биолог немесе медикке үйленгім келеді деуші едім. Жұмысына кіргелі төрт-бес айдың көлемі болды. Ақтау, Бурабай деген жерлерде аралап тастадық. Жақсы көре бастағандаймын. Өткен өмірі маңызын жоғалтты. Ауылға апарғаным бар еді. Ата-анама келіндерің дей салдым. Рабияның ұялып, қызарып, сүйкімді болып кеткенін көрсең. Танысқанымымзға бір жылдан кейін сөз салдым. Мұсылманша неке қидық. Шағын той жасап, үйленіп алдық. Қыз ұзақ көнбей жүрді. Парктегіндей таныс біреу шығып қалмай ма деп көп қорықты. Уже бәрібір. Жақын уақытта үлкенірек үй алуға жоспар құрып жүрміз. Жасым отыз бірде. Менен сегіз жас кіші. Бақытты отбасы боларымызға сенімім нық.

Кейіпкер күнделігін оқығаннан кейін:

Бұл оқиға зинақорға зинақор емес, тағдырластар десе дұрыс секілді. Біреуі тәнін сатса, біреу сатып алады. 

Оқиға осыдан сегіз-тоғыз жыл болғанды. Өмір қызық қой. 

Қәзір аға-жеңгеміз тату-тәтті, алты сүйкімді балалары бар. Ағамыз  Ареке болған. Ковидпен күресіп, волонтёр болып, еліміз үшін көп үлес қосып жатыр. Жеңгеміз үйде. Жетіншісімен ағамызды кезек-кезек күтіп, кешке дейін солай шаршайды. 

Оқиғаның шынайылығын сақтау мақсатында күнделік иесінің атын өзгертпедім. Күнделікті бөліскенім үшін ұрыс естімесем болды