Қоғам

Екі ер адам медицина қызметкеріне қол көтерді

Елімізде екі ер адам медицина қызметкеріне қол көтерді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Алматыдағы емханалардың бірінде әлдекімдер медицина қызметкеріне шабуыл жасады. Басбұзардың екі адам екені белгілі: Күдіктілердің мұндай әрекетке не үшін барғаны белгісіз. Қос қаскөй де бірден қолға түскен. Біреуі тіпті халықтанк ешірім сұрап та үлгерді. Бұл туралы Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы Newsroom+Ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Әлеуметтік желіде қызу талұқыланып жатқан оқиға Қалқамандағы №7-ші қалалық клиникалық аурухана болған. Өткен түні сағат 2-лердің шамасында екі адам медицина қызметкеріне қыр көрсетіп, артынан қол жұмсаған. Қаскүнемдердің бұл әрекеті бейнебақылау камерасына жазылып қалыпты. Олардың бірі өзін полиция полковнигімін деп, қоқан-лоқы көрсеткен. Көп ұзамай батырсынғандардың бірі жәбірленуші мен ел тұрғындарынан кешірім сұрап, видеоүндеу жолдады.

Күдікті:

Құрметті халық! Бүгін жетінші ауруханада болған жағдай бойынша барлықтарыңыздан кешірім сұраймын. Бұндай жағдай түсінбеушіліктің арқасында болды. Осыдан кейін қайталанбайды деп ойлаймын. Бәріңізден кешірім сұраймын!. Мен полиция қызметкері болып табылмаймын және ешқашан жұмыс істемегем».

№7 аурухана қызметкері өзіне қол көтерген азаматтардың үстінен құзырлы органдарға шағым жазудан бас тартуда. Оның себебін былайша түсіндірді.

Бағдаулет ТОҚТАСЫН, №7 Қалалық клиникалық аурухана қызметкері:

«Кінәлі екенін мойындап кешірім сұрағаны үшін мен кешірімімді бердім. Мұндай жағдай медицина қызметкерлерінде қайталанбайды деген ойдамын. Барлық жергілікті полиция қызметкерлеріне үлкен алғысымды былдіремін».

Аталған дерек Наурызбай аудандық полиция басқармасының өндірісіне алыныпты. Оқиға орнына келген тәртіп сақшылары полиция қызметкерімін деп шу шығарғандарды бірден сабасына түсірген. Алайда, тараптардың татуласуына байланысты мәселе бейбіт жолмен шешілген.

Салтанат ӘЗІРБЕК, қалалық департаментінің ресми өкілі:

«Осы бейнекөріністегі екі ер азамат бірден анықталып, полицияға жеткізілген болатын. Сұрақ алу процедурасы жәбірленушінің өзінен алынған болатын. Бірақ, жәбірленуші ресми арыз беруден бас тартып отыр. Жуырда осы іс бойынша нәтижелі шешім қабылданатын болады».

Әзірге қандай шешім қабылданатынын белгісіз. Тараптардың татуласуынан кейін іс тотқтатылуы да мүмкін. Жалпы бұл медицина қызметкерлеріне қол көтерілген бірінші оқиға емес. Осыған дейін жедел жәрдем қызметкерлері бірнеше мәрте соққыға жығылған болатын.