Денсаулық

Мамандар айтты: Қандай өнімдерді шикідей жеуге болмайды?

Мамандар қандай өнімдерді шикідей жеуге болмайтынын айтты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Мамандар шикі күйінде жеуге болмайтын өнімдерді атады, деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы sputniknews.kz сайтына сілтеме жасап.

Ең алдымен, термиялық өңдеуден өтпеген дүкеннің шұжық өнімдерін жеуге болмайды. Оларда листерия, яғни ас қорыту жүйесінің жұмысын бұзатын бактерия болады. Улану қаупі бар.

Екінші орында - бұршақ. Оның құрамында зиянды токсиндік заттар болады. Әсіресе, қызыл бұршақтың дайындалу сапасына мән беру керек. Өйткені қызыл бұршақ тиісті деңгейде піскенде ғана қауіпсіз болады, деп хабарлайды Sabah.

Сондай-ақ мамандар шикі асшаяндарды жеген кезде де мұқият болу керектігін ескертеді. Себебі оларды жасанды тәсілмен өсіріп, антибиотиктермен тамақтандырып, суларына пестицид пен фунгицид қосады. Бұдан бөлек, хлор сынды химиялық қоспалар көп қолданылады.

Басылымның мәліметіне сәйкес, бадам, саңырауқұлақ және рауғашты да шикідей жемеген жөн.