Әлем жаңалықтары

Тик Ток Трампты сотқа береді

Тик Ток пен Трамп арасындағы жанжал: арты не болмақ?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Тик Ток Ақ үйді сотқа беруге дайындалып жатыр. Жақында Тик Токтың АҚШ-та тыйым салуына қатысты шағымдану мақсатында сот ісі басталады, деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы Newsroom+Ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

TikTok қосымшасы қысқа бейнелер жасауға және  оны мобильді платформаларда жариялауға мүмкіндік береді. Сервистің иесі – қытайлық ByteDance компаниясы. Дональд Трамп компанияны жастардың ми улап, қолданушылардың жеке деректерін ҚХР биліктеріне береді деп айыптады.

ByteDance АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төндіретін компаниялар тізіміне енді. Егер америкалық компаниялардың бірі Тик Токты қыркүйектің ортасына дейін сатып алмаса, онда ол желіге АҚШ аумағында тыйым салынады.

Бақылаушылардың пікірінше, бұл қадам Қытайдан келген COVID-19 пандемиясының аясында жасалды. Нәтижесінде әлемдік экономика, әсіресе АҚШ экономикасы айтарлықтай шығындарға ұшырады. Ол президенттік сайлау қарсаңында Трамптың рейтингте төмендеуіне әкелді.

Бұл мұндай алғашқы жанжал емес. Тик Токпен бірге қытайлық Tencent  алпауыт компаниясына тиесілі WeChat  әлеуметтік желісіне де осындай тыйым қойылды.

Tencent өкілдері өздерінің талап-арыздарын Сан-Францискодағы Калифорнияның солтүстігінде орналасқан федералды сотқа берді.

«Атқарушы өкім де, Ақ үй де Құрама Штаттарда WeChat-ты қолдану ұлттық қауіпсіздікті бұзады деген айыпты растайтын нақты дәлелдер келтірген жоқ», – делінген сотта.

Трамптың бұйрықтары Apple, Disney, Walmart, Intel және басқа да бірқатар америкалық компаниялардың арасында алаңдаушылық туғызғаны байқалады. Олар Ақ үйге үндеу жолдады. Мұндай тыйым Қытай серіктестерімен сауда қатынастарына теріс әсер етуі мүмкін екендігі айтылды.