Қоғам
Шенеуніктер Түркістан облысында пирамида салған тұрғынды сотқа береді
Өзінің ғалым екенін айтып, пирамидаларды заңсыз салған шымкенттік құрылысты тоқтатуға болмайтынын жеткізді. Айтуынша, әлемдік деңгейдегі апат болады. Жергілікті шенеуніктер бұл сөзге сенбеген көрінеді. Олар материалдарды құзырлы органдарға жолдады.
Пирамидаларды жасаушы Шерәлі Артығалиев Ресей ғылым академиясының академигімін деп отыр. Түс көргенге дейін сәулет ісіне еш қатысы болмапты.
«Маған пайғамбарымыз аян берді. Ол кезінде Қазығұртта жеті пирамида болғанын айтты. Оларды қалпына келтіруді тапсырды. Мен Арыстағы жарылыстан кейін 2019 жылдың 27 маусымында сала бастадым. Егер ертерек салып үлгерсем, трагедия болмайтын еді», – дейді жоба авторы.
Құрылысқа қаражатты Қазығұртты зерттеумен айналысатын ғылыми-зерттеу институты бөлген. Оған Артығалиевтің өзі жетекшілік етеді.