Саясат

Назарбаев қазақстандықтарға тағы үндеу жасады

Елбасы қандай үндеу жасады?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей, АҚШ, Қытай және Еуропалық Одақ басшыларының қатысуымен республикада халықаралық саммит өткізіп, ядролық қаруды кезең-кезеңімен және пропорционалды түрде қысқарту туралы көпжақты келісімді талқылауды ұсынады, деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап.

Ведомство баспасөз қызметінің хабарлауынша, Назарбаев үндеуінде халықаралық қауымдастықты ядролық қарудан өз еркімен бас тартқан Қазақстанның үлгісімен жүруге және "ядролық ақылсыздықты тоқтату үшін күш біріктіруге" шақырған.

"Мен АҚШ, Ресей, Қытай және Еуропалық Одақ басшыларының ғаламшардың болашағы үшін ерекше жауапкершілікті алатындығына сенімдімін. Егер саммит осы төртжақты форматта өткізілсе, онда оның басты тақырыптарының бірі ядролық қаруды біртіндеп және пропорционалды түрде қысқарту туралы көпжақты келісімді әзірлеу болуы керек. Қазақстан осы саммитке өз алаңын ұсынуға дайын", – деді Назарбаев өз үндеуінде.

Елбасы Н.Назарбаевтың іс-шара қатысушыларына арнаған үндеуін БҰҰ Бас Ассамблеясының арнайы сессиясының барысында Қазақстанның сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді оқыды.

Назарбаев жаңа мәртебеге ие болды

Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 29 тамыз – Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күніне арналған арнайы сессиясында Қазақстанның тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Ядролық сынақтардан азат әлем үшін чемпион" мәртебесіне ие болды.

"Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу шарты ұйымының атқарушы хатшысы Лассина Зербо Қазақстанның ядролық қарусыз әлем құруға ерекше тарихи үлес қосқанын ескере отырып, Нұрсұлтан Назарбаевқа жаңа мәртебе беру туралы бастама көтерді", – делінген сыртқы істер министрлігі таратқан ресми хабарламада.

Айта кетейік, бұл бастамаға Нұрсұлтан Назарбаевтың 1991 жылы 29 тамызда әлемнің ең ірі ядролық полигондарының бірі – Семей ядролық полигонын жабу туралы шешімі негіз болды. Сол кезде адамзат тарихында ядролық сынақтарға алғаш рет заңды түрде тыйым салынды. Осы тарихи шешім Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күнін белгілеуге себеп болды.