Қоғам

Қан тобыңыз сіздің мінезіңіз бен ішкі ағзаңыз туралы не дейді?

Сіз қан тобыңызға қарап, сіздің ішкі ағзаңыз бен мінезіңіз жайлы анықтауға болатынын білдіңіз бе?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Сіз қан тобыңызға қарап, сіздің ішкі ағзаңыз бен мінезіңіз жайлы анықтауға болатынын білдіңіз бе? Жалпы адам мен оның ағзасы жайлы сыр беретін 4 түрлі қан тобы бар. Олар: I, II, III және IV. Өз қан тобыңызды білсеңіз, ағзаңызға байланысты түрлі деректерді де біле аласыз. Мәселен,

Әр қан тобындағы адамдарға жеуге кеңес берілетін пайдалы тағамдар бар:

1-ші қан тобы: ет, балық және көкөніс. Сүтті тағамдарға көп жоламауға тырысыңыз.

2-ші қан тобы: вегетариандық тағамдар, балық, тауық және йогурт. Ащы тағамдар мен кофеден бас тартыңыз.

3-ші қан тобы: сүт өнімдері, қой еті, балық, көкөністер және шай. Консервіленген тағамдар мен алкогольге жоламасаңыз игі.

4-ші қан тобы: экологиялық таза әрі балғын тағам түрлері. Қуырылған тамақтардан бас тартқаныңыз жөн.

Қан тобына қарап адамның да қандай екенін білсе болады:

2-ші қан тобындағы жандар: көңілшек, жинақы, ұйымшыл, көшбасшы.

3-ші қан тобы: медитативті, икемді, көпшіл, нәтижеге жұмыс істейтін жан.

1-ші қан тобы: епті, пысық, адуынды, ұқыпты, зерделі.

4-ші қан тобы: сабырлы, батыл, еркін ойлы.

Әр қан тобындағы адамдар күйзелістерге қалай жауап береді?

2-ші қан тобы: тым сезімтал, күйзелістен арылуы үшін ұзақ уақыт қажет. Ондай топтағы адамдарға көп су ішуге кеңес беріледі.

3-ші қан тобы: қанша сабырлы болғанымен кей кездері өз-өзін ұстай алмай қалады. Бір ашуланса, айналасын жайпап кетеді. Терең тыныс алу онда жандардың ашуын тарқатады.

1-ші қан тобы: ашулану процестері көбіне тұқым арқылы беріледі. Жағымды нәрсені жиі ойлағаны жөн.

4-ші қан тобы: күйзеліспен жақсы күреседі. Белсенділік пен физикалық қозғалыс күйзелісті жеңуге көмектеседі.

Семіру жолдары:

2-ші қан тобы: ет және қант өнімдерінен денесіне оңай май жинап алады.

3-ші қан тобы: майлы тағамдар мен нанға тез семіреді.

1-ші қан тобы: Уақытылы тамақтанбаудан толып кету қаупі жоғары.

4-ші қан тобы: әрекетсіздіктен денесіне май жиналады.

Резус-фактор:

Резус-фактор (Rh) – қан тобындағы маңызды жүйе. Ол не оң, не теріс болуы мүмкін.

Оң резус-фактордың D-антигені бар, ал теріс түрінде жоқ.

Болашақ ананың резусі оң, ал әкелерде теріс болса, балаға төмендегідей қауіптер төнуі мүмкін;

гемолитикалық ауру - эритроциттердің бұзылуы;

ұрық эритробластозы - ұрықта жетілмеген эритроциттердің өндірілуі.

Алайда медицина дамыған заманда мұндай жағдайлардың алдын алуға болады. Әйел жүктіліктің 28-ші аптасында қанына плазма инъекциясын жасатуы тиіс. Және бұл процесті бала дүниеге келгеннен соң 72 сағат ішінде тағы жасатуы тиіс.

Қан топтарының сәйкес келу-келмеуі:

4-ші қан тобындағылар кез келген топтан қан ала алады. Алайда тек 4-ші қан тобындағы адамға донор болады.

2-ші қан тобы 2-ші және 1-ші қан тобындағы адамдарға қан бере алады, 2-ші және 4-ші топтан ала алады.

3-ші топ 3ші және 1-ші топтан ала алады, 3-ші және 4-ші топқа донор бола алады.

1-ші қан тобындағылар тек 1-ші топтан қан алады, ал барлық топқа донор бола алады.