Елімізде зейнет жасы төмендей ме? - на bugin.kz
Bugin.kz - на bugin.kz Bugin.kz

Нұрымбетов пікір білдірді

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов қазақстандықтардың зейнет жасын төмендетуге байланысты пікірін білдірді. 

Бүгін, 3 қыркүйек күні үкімет үйінде өткен онлайн брифингте тілшілер коронавирус пандемиясынан кейін зейнет жасын төмендету мәселесін көтерді.

"Пандемия маңызды бір мәселені аңғартты. Көбісі зейнет жасқа жетпей, қайтыс болып жатыр. Қазақстандықтардың денсаулығы бұрынғы зейнетақы жасына сәйкес келмейді. Енді көп адамдар зейнет жасын төмендетуді талап етіп отыр. Осы мәселе қарастырылады ма?", - деді журналистер.

Министр қазіргі уақытта қазақстандықтардың зейнет жасын төмендету мәселесі қаралып жатпағандығын айтты.

"Қазіргі зейнетақы жүйесі еңбек өтіліне тікелей байланысты. 1998 жылға дейін жұмыс істегені үшін мемлекет тарапынан төленетін ынтымақты зейнетақы бар. Кепілдендірілген базалық зейнетақы мен жинақ жүйесі қарастырылған. Ынтымақты зейнетақы біртіндеп қысқарады. Себебі ол тек 98-ші жылға дейінгі еңбек өтілі үшін ғана төленеді. Сондықтан бірінші орынға жинақ жүйесі шығады. Ал одан төленетін зейнетақының мөлшері сол жинақ жүйесіне қатысу мерзімі мен жинақтың сомасына байланысты", - деді Нұрымбетов.

Министрдің сөзінше, үкіметтің қазіргі міндеті – халықтың табысын арттыру. Соның арқасында зейнетақы жинақтары да көбейеді.

"Әрине, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы халықтың салымдарын арттыру міндеті де бар. Сондықтан біз осы бағытта көбірек жұмыс істейтін боламыз", - деді министр.

0 Пікір Кіру