Weekend

Ғаламторға тәуелділік – Жер ғаламшарының ортақ дерті

Ортақ дерт

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

 

Ғаламторға тәуелділік қатты серпін алып жатыр. Түрлі дерттер мен отбасылық мәселелердің қайнар көзі – отбасы мүшелерінің толық желіге тәуелді болуы. 

Дамыған елдер қатарынан алдыңғы орын алу үшін жастарымыз ізденпаз, сауатты болуы абзал. Ғаламтор өміріміздің айырылмас бөлігіне айналғаннан бері, әсіресе, жастардың сол қасиеттен айырылып жатқанын сеземіз. Ауырдың үстімен, жеңілдің астымен күн кешу - дағдыға айналуда. Қолдағы гаджеттің ерекшеліктерін пайдалану арқылы талай тірлік оңай шешім табуда. Бойымызға судай сіңген ғаламтордың біздің өмірімізге тигізетін пайдасы қанша көп болса, зиян жақтары дәл солай көп екен. Пайдасы жайлы барлығымыз білеміз. 

Ғалымдардың айтуы бойынша, интернетке тәуелділік зияткерлік деңгейді төмендетеді. Соңғы зерттеулердің нәтижесі бойынша, ғаламтордағы тәуелділіктен зардап шеккен он кореялық балалардың бірі жаңа материалды, тілдік сауаттылықты және математиканың мүмкіндіктері мен дағдыларын меңгерудегі «қақпанға түспеген» балалармен салыстырғанда әлдеқайда қарапайым нәтижелерді көрсетеді. Бұл оқу үдерісін тежеп қана қоймай, денсаулыққа да кері әсер етеді. Ғаламторға байланған жастардың ең әуелі, көз жанары әлсірейді, омыртқа ауруларына шалдығып, қоршаған ортамен байланысы әлсірей бастайды. Қайсыбір дүниенің болмасын өз қолдану уақыты, мерзімі болады. Күн мен түнді ауыстырған жанның психикасы бұзылып, жүйке жүйесіне қысым келеді. Қазіргі таңда, мектеп балалары арасында, онлайн ойындарға құмарлық кең етек жайған. Жас ерекшеліктеріне сай келмейтін, адам өлтіру, ату, қорлау функциялары бар ойындар тізімі күн санап артуда.Вертуалды өмірде жасаған әрекетін шынайы өмірде жасап қаншама бала қылмысқа барған. Бала ата-анасының жасағанын айнытпай қайталайды. Таңның атысынан күннің батысына дейін телефонды құшақтап жүретін ата-ананың баласы қандай болмақ? Әлде, олармен жарыса желіні ақтарады ма? Көз майын тауысып, кітап оқиды ма? Аузынан ана сүті кеппеген баланың да гаджетті пайдалануы оның жетілуін бәсеңдетеді. Бал тілі шықпайды. Отбасылық қарым-қатынасы жетілмей, махаббатты білмей өскен бала қатыгез болып ер жетеді. Осының алдын алу үшін, бастысы, жұмыс пен отбасыны бөліп қарастыру керек. Баланың көзінше, барлығын сыпырып тастап, тек онымен сырласу, әңгімелесу қажеттігін ұмытпайық.