Weekend
Арнайы маман QR-code арқылы төлем жасаудың не үшін қауіпті екенін айтты
"Адам сілтеме арқылы өтіп, төлем мәліметтерін енгізген жағдайды қарастырайық. Алаяқтық үшін құрылған сайтқа кіріп, ақпаратты құпиясөз немесе смс арқылы растасаңыз, ақшаңыздан айырылып қалуыңыз әбден мүмкін", - дейді сарапшы.
Маман QR-код қолдан жасалынбайтынын айтты. Өйткені нақты әрі жалған код деген жоқ. Адам кодты анықтап, ішіндегі ақпаратты оқи алмайды. Алайда мұны смартфон жүзеге асыра алады. Ол URL сілтемесін көрсетеді.
"Код алынған домен компания немесе сервиске тән екенін тексеру керек. Кез келген сілтеме алған кезде интернет алаяқтықтан қорғану шараларын қолдану керек", - деді сарапшы.