ДАМУ
«Біз бұрын-соңды оқыған кітаптарымызды ішіндегі ең қорқыныштысы осы болмақ». Кітабын Дэвид осылай бағалайды, себебі ондағы сюжет шынайылыққа негізделген.
Алдағы аптада Individuum баспасы америкалық журналист Дэвид Уоллес-Уэллстің «Адам тұрмайтын жер» («Необитаемая Земля») атты кітабын шығармақ. Кітапта жаһандық жылудың қасіреттері мен күресу жолдары баяндалған.
Дэвидтің мамандығы тарихшы әрі жаһандық жылудың қазіргі күйі мен алғашқы онжылдықтың көрінісін түбегейлі зерттеп, әлемге түсіндіріп отырған алғашқы журналист.
«Адам тұрмайтын жер» кітабының алғашқы мәтіндік нұсқасын автор 2017 жылы жариялаған.
«Біз бұрын-соңды оқыған кітаптарымыздың ішіндегі ең қорқыныштысы осы болмақ».
Дэвид кітабын осылай бағалайды, себебі ондағы сюжет шынайылыққа негізделген.
«Бар сұмдық қалайша бір сәтте бола салады?». Кітаптың орта тұсына келген адамның көңілін мазалайтын сұрақ болатынына автор сенімді. Айтуынша, сұмдық жағдайлар әсте басталып кеткен, ал болашақты ойластырып та қойыпты. Үш жүз парақтан тұратын кітапта 500-ге ғылыми зерттеулердің сілтемесі бар.
Апаттың ауқымы жайында...
Бір сәтте автор мен оның кейіпкерлері «бізді бақытсыздық пен қайғы күтіп тұрса, дүниеге бала әкелудің мәні бар ма? Балаларымызды сол бақытсыздыққа өз қолымызбен итермелеген болмаймыз ба?» деген ойға батады. Бұған Уоллес-Уэллстің өзі жауап қатады. Айтуынша, оның қызы кітап жазылып жатқанда дүниеге келген әрі қызының бақытты өмір сүретініне сенеді. Себебі, ол – оптимист.
Уоллес-Уэллс айтқан апаттар:
Климаттың жылына орта есеппен екі градусқа жылынуы неге әкеп соғады? Ірі су басулар, табиғи өрттер (Австралиядағы орман кітап шыққаннан кейін 2020 жылдың басында өртенді), тайфундар, дуылдар мен цунами, судың жетіспеушілігі.
Апат планетаның әр бұрышына қатысты. Бұл сұмдықтар тапшылықта өмір сүріп жатқан Африка халқына да, баршылықтағы Парсы шығанағындағы бай мемлекеттердің халқына да жетеді.
Аптап ыстық бір кездері жоғалып кеткен инфекцияларды қайта оятады әрі жаңасын шығарады.
«Экономиканы дамыту». Бұл тіркесті ұмытсаңыз да болады. 2050 жылы климаттың өзгеруінен туындаған шығын 500 триллион долларды құрайтын болады.
Алайда дәл қазір болашақтағы апаттарды ойлап, салымызды суға кетіруге болмас. Автор алдын-алу үшін не істеу керектігін де жазыпты:
Көміртексіз экономика;
Жаңартылған энергия;
Ауылшаруашылығын қайта қолға алу;
Еттен бас тарту.