Weekend

«Толқын» трагедиясы немесе Мағжан меңзеген ақиқат

Өлең бүккен сыр

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Кеңес үкіметі заманында ұлт ретінде жойылу қаупі төнген қатерлі шақта өзінің жырымен де, күрескерлік қабілетімен де халыққа дем беруге тырысқан бірден-бір ақын – Мағжан. Қазақтың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезовтің: «Мағжанды сүйемін. Еуропалығын, жарқыраған, әшекейін сүйемін. Бүгінгі күннің бар жазушыларының ішінен келешекке бой ұрып, артқы күнге анық қалуға жарайтын сөз – Мағжанның сөзі»,-деп тебіренуі тегін емес. Бір ауыз сөзің үшін «ұлтшыл» деп айыпталып, оқтың ұшына байланып кетуге болатын қитұрқы заманда айтқысы келген ойды астарлап жеткізе білу де – өнер. Тіпті, өнердің төресі десек, артық емес. Ал Мағжан қарапайым халыққа ұтымды тілмен, көркемдігін сақтай отырып, аз сөз бен көп мағына ұқтыра білген. Оның «Толқын» өлеңінде қозғалып отырған негізгі мәселе де сол қоғамдағы адамдарды толқынға ұқсата отырып, жүзіңе күлімдеп қарап, өлімге жетелеп бара жатқанын жеткізе білген.

Мөлдіретіп көз жасын,

Жасымен жуып жартасын,

Сүйіп сылқ-сылқ күледі.

Жылағаны – күлгені,

Күлгені оның – өлгені,

Жылай, күле өледі,-деп қазаққа қазақты айдап салу арқылы өздерінің мақсаттарына бір қадам болсын жақындай түсуді көздеген құдайсыз үкіметтің қитұрқы тәсіліне иланған сол кезде биліктің шеңгелінде жүрген кейбір солқылдақ қазақтардың жайын баяндайды. Тіпті, кейбірінің қызметтік «ыстық» орынды қимай, қазақты сақтап қалудың жолында күресіп жүрген арыстардың артына шам алып түсіп, олардың темір торға кіруіне тікелей себепші болғанын толқынның күліп жүріп, өлімге апаруына ұқсатады.Мына ақ пен қарасы алмасып жататын тірлік те бейнебір толқындардың қозғалысына ұқсайды. Онда шыңға жетелейтін адам да, құзға жетелейтін надан да бар. Толқынның бейнебір баладай пәк болып туып, ал кейін ғашығының сөзіне иланып, соңында қапыда қалған жандай көз жұматынын астарлы ақиқатпен ашып бере алған. Мағжанның сол қоғамдағы қалыптасқан психологияны дәл бере алуы Сәбит Мұқановтың: «Абай – ақылдың ақыны, Мағжан – ақынның ақыны»,-деген сөзінің ақынға берілген әділ баға екенін айғақтайды.