Шымкент
Кәсіпкерлік
Қазіргі уақытта қазақстандық экономиканы цифрландырудың артып келе жатқан өзектілігі әлемдік аренада еліміздің одан әрі экономикалық өсуі мен бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Осы мақсатқа жетудің негізгі құралы — «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы. Цифрландыру ұлттық экономиканың қозғаушы күші және тұрақты жұмыс орындарын құрушы бола алады. Цифрландыру жұмыс орындарын құрудың жаңа толқынын бастауға мүмкіндік беретін Қазақстан экономикасына жаңа технологиялардың бейімделуі мен оларды әзірлеудің қозғаушы күшіне айналады. «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының іс-шараларын жүзеге асыру аясында 8 мың жұмыс орны құрылды. Бағдарламадан түскен жалпы экономикалық тиімділік 2018 және 2019 жылдары 600 млрд теңгеден асты.
Мемлекеттік қызметтерді ұсыну, білім беру, денсаулық сақтау, қаржы, көлік және тау-кен металлургиясы салаларында цифрлық технологияларды енгізуде айтарлықтай елеулі жетістіктерге қол жеткізілді. Цифрлық технологиялардың одан әрі интеграциялануы Қазақстанның әлемдегі бәсекеге аса қабілетті 30 елдің қатарына енуі үшін және қазақстандықтардың әл-ауқатын жақсарту үшін өте маңызды. Электронды еңбек биржасы Әлеуметтік-еңбек саласын цифрландыру тұрғысынан электронды еңбек биржасы сәтті жұмыс істеп тұр.
Соның нәтижесінде жұмысқа орналастыру процесі екі есеге қысқарды, ал жалпы процедураның өзі айқындана түсті. Электрондық еңбек биржасы арқылы 488 мыңнан астам жұмыс іздеуші жұмысқа орналастырылды, олардың ішінде 350 мың адам тұрақты жұмыс орындарына орналасты. Сондай-ақ, электронды еңбек шарттары іске қосылып, бүгінде 742 мың электрондық келісімшарт жасалды. Қорытындысы бойынша әлеуметтік еңбек саласында 9,8 млн-нан астам қызмет көрсетілді, ал мемлекеттік қызметтердің 80%-ы электронды форматта ұсынылды. Цифрлық жобаларды іске асырудың арқасында жұмыс берушілер мен жұмыс іздеушілер шамамен 862,2 млн теңге үнемдеді.
Еңбек шартын есепке алудың бірыңғай жүйесін пайдалану кезіндегі шығындарды үнемдеу 292,4 млн теңгені құрады.