Шымкент
Жол жүру заңнамасы
Шымкент қаласы Полиция департаментінің ұйымдастыруымен “Жолда қабылдау” акциясы барлық сақтық шаралары мен карантин талаптарын сақтай отырып өткізілді, деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Ашық аспан астында ұйымдастырылған акция барысында азаматтар арасында әлеуметтік арақашықтық және санитарлық ережелердің сақталуы ескерілді.
Қала тұрғындары полиция қызметкерлеріне құқықтық көмек алуға, қоғамдық және жол қауіпсіздігі мен көші-қон заңнамаларын ұстану және онлайн режимінде айыппұлды қарау, төлеу, көлікті тіркеу, жасанды жол кедергілері сынды сауалдарын қойып, сала мамандарынан нақты жауап алды.
Сондай-ақ Полиция департаментінің ресми аккаунттары “Facebook” және “Instagram” әлеуметтік желілері арқылы тікелей эфир жүргізіліп, алғашқы күннің өзінде жалпы саны 78 сауалға құзырлы орган өкілдері онлайн-режимде жауап берді.
Екі күн бойы жалғасатын акция барысында Call-орталықтың +7 708 345 65 74 арнайы телефон нөмеріне хабарласу арқылы өзекті мәселеңізге жауап алу мүмкіндігі де қарастырылған.
Республикалық “Жолда қабылдау” акциясы 18 шілде күні де таңғы сағат 09:00 ден 19:00 ге дейінгі аралықта Шымкент қаласындағы “Достық” мөлтекауданында және “Қайтпас-2” мөлтекауданы Қ.Төлеметов көшесі (бұрынғы Процессинг орталық) нөмірсіз үйде өткізіледі.
Халықпен кері байланысты нығайтып, азаматтардың өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыруды көздейтін акцияның маңызы жоғары.
- Қазіргі карантинге байланысты қонаққа келген шетел азаматтары Қазақстанның аумағынан шыға алмай қалған жағдайда, оларға ешқандай әкімшілік шара қолданбастан, мерзімдерін ұзарту көзделген. Алайда ол азаматтар, өздерінің келу мақсаттарын бұзған жағдайда тиісті әкімшілік шара қолданылады. Сонымен қатар еңбекші көшіп келушілер, олардың алдын жиналған құжаттары ҚР ІІМ 2014 жылғы №76 бұйрығына сәйкес құжаттар жиналды. Соған сәйкес әкімшілік шаралар қолданылады, - дейді Шымкент қаласы ПД Көші-қон қызметі басқармасының инсекторы Берік Стаев.