Шымкент

Шымкентте "Болашақ" халықаралық стипендиясына құжат қабылдау басталды

Кім қатыса алады?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бағдарламаның мақсаты – азаматтардың әлемнің алдыңғы қатарлы жоғарғы оқу орындарында білім алуға және шетелдік ұйымдарда ғылым, педагогика, инженер-техникалық және медицина салалары бойынша қызметкерлердің тағылымдамадан өтуіне арналған Қазақстан Республикасы Президентінің стипендиясы. 

«Болашақ» халықаралық стипендиясы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 1993 жылғы 5 қарашадағы қаулысымен құрылған.

«Болашақ» халықаралық стипендиясы аясында ҚР азаматтары келесі бағдарламалар бойынша түсе алады:

- Магистратура

- Резидентура

- Докторантура немесе тағылымдамадан өте алады.

Аталған білім беру бағдарламаларына түсе алады:

- Магистр деңгейін алу үшін мемлекеттік қызметкерлер;

- Магистр деңгейін алу үшін ғылым немесе педагогика қызметкерлері;

- Тәжірибеден өту бойынша үміткерлер:

- Магистр деңгейін алу үшін бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері;

- Магистратура ,резидентура , докторантура немесе тәжірибеден өтуге түскендер.

Әрбір санат белгілі бір талаптармен сипатталады.

Бағдарламаға қатысу үшін не істеу керек?

Конкурсқа қатысу үшін үміткерлер келесі құжаттарды тапсырады:

- Жұмыс берушінің өтініші және жұмыс орнын сақтап қалу шартымен маманды даярлауға арналған ұсыным хат

- Еркін түрдегі уәждемелік хат

- Толтырылған сауалнама

- Жеке куәлік пен төлқұжаттың түпнұсқасы мен көшірмелері

- Нысан бойынша денсаулығының қалпы бойынша медициналық анықтама

- Еңбек өтілін растайтын, сондай- ақ аударылған міндетті зейнетақы жарналарының үзінді көшірмесінің түпнұсқасы мен көшірмелері.

Қалай қатысуға болады?

- «Болашақ» бағдарламасына оқуға түскісі келетіндер қажетті құжаттарды Интернет арқылы , «электронды үкімет» порталының қызметін қолдану арқылы тапсыра алады.

- Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында өтетін шетел тілін білу туралы тестілеуін есепке алмағанда ,барлық кезеңдер Нұр-Сұлтан қаласында өтеді. Әрбір үміткерді емтиханға 5-6 күн қалғанда жеке хабарлама жіберу арқылы ақпараттандырып отырады.