Ақтау тұрғынын аулада атып кетті - на bugin.kz
Bugin.kz - на bugin.kz Bugin.kz

Ақтаудың 5-ші ықшам ауданындағы аулалардың бірінде ер адамды атып кетті

Ақтаудың 5-ші ықшам ауданындағы аулалардың бірінде ер адамды атып кетті, деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап.

Қалалық полиция басқармасының кезекші пультіне 9 қыркүйек күні сағат 19.55-те қоңырау түскен. Оқиға орнына тәртіп сақшылары жетті.

Маңғыстау облысы полиция департаментінің ақпаратына сәйкес, күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұл туралы жергілікті "Лада" басылымы жазды.

Жарақат алған ер адам бірден ауруханаға жеткізілді. Алайда есін жимастан көз жұмғаны хабарланып отыр.

Оқиға Қылмыстық кодекстің 99-бабы ("Адам өлтіру") бойынша Ақтау полиция басқармасының сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіміне енгізілді. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

0 Пікір Кіру