Әлем жаңалықтары

Үндістанда бір күнде 96,5 мың адам коронавирус жұқтырды

Үндістанда коронавирус өршіп тұр

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Үндістанда бір күнде коронавирусты 96,5 мың адам жұқтырды, деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы.

Өткен тәулікте Үндістанда 96,5 мыңнан астам адам коронавирусты жұқтырған. Осы індеттен 1000-нан астам науқас қайтыс болды.

Қазіргі таңда Үндістанда Covid-19 індетін жұқтырғандар саны 4,5 млн-нан асты. Науқастардың 77%-ы індеттен жазылып шыққан.

Әлем бойынша коронавирусқа ең көп шалдыққандар АҚШ-тан кейін осы Үндістанда тіркелген. Бірақ жергілікті билік экономиканы қайта қалпына келтіру мақсатында елдегі шектеу шараларын жеңілдете бастаған.