Қоғам
Білім министрі де бар
"Біз ол жайында білеміз. Сондықтан тиісті шаралар қолға алынады. Бүгінде заңды және жеке тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тартудың нақты тәртібі бар. Осы оқиға да зерделеніп, заң бойынша шара қолданылады. Ішінде министрдің де болғанын білеміз", - деді Есмағамбетова.
Айта кетсек, әлеуметтік желіде тараған суретте жүздеген адамның далада отырғанын көруге болады. Басым бөлігі бетпердесіз. Ортада білім және ғылым министрі де бар. Бірақ Асхат Аймағамбетов бетперде тағып отырған. Ал оның жанында кәсіпкер Айдын Рахымбаев және тағы басқа адамдар санитарлық нормаларды сақтамаған.
Рахымбаев бұл оқиғаға қатысты түсініктеме берді.
"Фотограф "Масканы шешіп, 4 секунд тыныс алмай отырамыз, болды, масканы тағамыз" деп айтты. Фото осылай түсірілді, 250 куәгер бар. Уайымдап отырғандарыңыз үшін рахмет", - деп жазды ол.