Саясат

Қазақстан мен Өзбекстан президенттеріне бір кеңесші жете ме?

Өзбекстан президенті Тоқаевтың кеңесшісін жалдады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Еуропа Қайта Құру және даму банкінің бұрынғы президенті, Қазақстан Президентінің штаттан тыс кеңесшісі Сума Чакрабарти Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевтің кеңесшісі болады. Бұл туралы ол Twitter желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы Newsroom+Ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

«Мен Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевтің мені Экономикалық даму, тиімді басқару және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі кеңесшісі етіп тағайындағанына қуаныштымын. Біз оған реформалар бағдарламасын жүзеге асыруда көмектесуге қуаныштымыз», – деп жазды Чакрабарти.

14 қыркүйекте Сума Чакрабартидің Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Экономикалық даму мәселелері жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі болғаны белгілі болды.