Коронавирусты жойып жіберетін құрал пайда болды - на bugin.kz
Bugin.kz - на bugin.kz Bugin.kz

Ғалымдар жаңа құрал ойлап тапты

Питтсбург университетінің ғалымдары коронавирустың алдын алуға және емдеуге өте тиімді көмектесетін антидененің кішкентай бөлігін ойлап тапты, деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Зерттеу жұмысы Cell ғылыми журналында жарияланды.

Ғалымдар SARS-CoV-2 вирусын толығымен бейтараптандыратын ең кішкентай биологиялық молекуланы анықтады. Антидененің бұл бөлігі толық өлшемді антиденеден 10 есе кішкентай. Ол Ab8 препаратын жасау барысында қолданылыпты.

Зерттеушілердің айтуынша, Ab8 тышқандар мен атжалмандарды (хомяк) SARS-CoV-2 вирусынан емдеу және алдын алу кезінде тиімді екенін көрсеткен. Оның өте кішкентай болуы вирусты жояды. Сондай-ақ, дәрінің балама нұсқаларын дайындауға атап айтқанда ингаляция арқылы енгізуге мүмкіндік береді.

«Ab8 препараты COVID-19-ды емдеуде потенциялы жоғары екенін көрсетті. Сондай-ақ, оны адамдар арасында SARS-CoV-2 инфекциясын жұқтырудың алдын алу үшін пайдалануға болады», – дейді зерттеуге қатысқан ғалымның бірі Джон Меллорс.

0 Пікір Кіру