Көкшетаулық ер адам кішкентай қызды құтқарамын деп мүгедек болып қалды - на bugin.kz
Bugin.kz - на bugin.kz Bugin.kz

Көкшетауда кішкентай қызды құтқарған ер адам мүгедек болып қалған

Көкшетауда 5 жасар қызды құтқарған ер адам мүгедек болып қалды.
Николай Панюшкин осыдан төрт жыл бұрын болған оқиғаны еске алды. Ол көлігін тұраққа қойып жатқан кезде терезеде ілініп қалған баланы көрген. Ер адам кішкентай қызды құтқарды. Алайда мұның салдары ауыр болды.
Бірақ қыздың ата-анасы баланың үйде жоқ екенін көрмей де қалған, деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

"Бесінші қабатқа көтеріліп, әжесінен: "Немереңіз қайда?" деп сұрадық. Олар: "үйде" деп жауап берді. Біз баланың терезеден құлап кеткенін айттық. Кейін қыздың анасы келді", - дейді Панюшкин.

Кішкентай Дана аман қалды. Ал Николай төсек тартып жатыр. Баланы құтқарған кезде омыртқасына қатты зақым келді. Ал қыздың ата-анасы көмек көрсетпеді.

Пәтер иелері кооперативінің төрағасы Рауза Көкенова олар ер адамға алғыс та айтпағанын жеткізді.

"Кешірім де сұраған жоқ, алғыс та айтқан жоқ. Ал адам қиналып жатыр. Мүгедек болып қалды, үш операция жасалды. Қыздың отбасы бұл үйден көшіп кетті", - дейді ол.

0 Пікір Кіру