Қоғам

Парацетомол: бас ауруын жазады, бірақ көп оның азабы

Бірқатар ғалым дәріні қабылдарда абай болған жөн екенін ескертеді.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Басымыз ауырса, дәрілер қобдишасынан парацетомол іздей жөнелеміз. Дәрінің бір сиқыры бардай көтере алмаған басымыз әп сәтте жазылып қоя береді.  Алайда бірқатар ғалым дәріні қабылдарда абай болған жөн екенін ескертеді. Оның басты жазудан өзге, кері әсерін тигізетін тұсы да бар дейді.

Ол қандай әсер?

Огайо университетідегі нейролог маман Болдуин Ухе бастаған бір топ маман зерттеу барысында дәріні жиі қабылдаған адамның бойынан эмпатия сезімінің төмендейтінін байқаған. Яғни адам мейірімсіз күйге ене бастайды. Бойындағы жанашырлық қасиеті жоғалып, өзгелерді ренжітіп тұрғанын да байқамайды екен. Әркекеті де , айтқан сөзі де дөрекілене бастайтын көрінеді.

Сонымен қатар Болдуин Уэй Social Cognitive and Affective Neuroscience баспасына мынадай сұх\бат берген: «Ацетаминофен адамның тәуекелге барар алдындағы негативті эмоциясын да өшіреді. Адам бойынан үрей кетеді. Қорқу дегенді ұмытады. АҚШ халқының 25%-ы апта сайын парацетомол қабылдайды. Әрі америкалықтар үшін тәуекелге бару түк те емес».

Зерттеу нәтижесіндегі тағы бір ақпарат, парацетомол көп жағдайда ауырсынуды баспайды, алайда жоғарыда айтылғанкері  әсерлер адамға міндетті түрде тиеді.

Ғалымдардың мұндай зерттеулері дәріні нарықтан жоя алмайды. Парацетомол бүгінгі күнге дейін ең көп талап етілетін дәрілердің бірі болып келді. Әрі дәрі ДДСҰ-ның арнайы рұқсатымен сатылады. Нейролог Уэй сөзін былай қорытындылады:

«Сценарий былай болады, Covid-19 вирусын жұқтырған адам парацетомол қабылдайды да, өзгеге жұқтыру қаупін сезінбестен көшеге шығады. Бетпердесіз, әрі дистанцияны да сақтамайды. Дәрінің әсері осындай».