Алматы

Жемқорлық фактісі жайында хабарлаған алматылықтарға сыйақы берілді

Азаматтарды ынталандыру

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Алматы қаласында сыбайлас жемқорлық бойынша хабар берген сегіз адамға 1,3 миллион теңге сыйақы берілді. Мұны ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы Нығметжан Сапаров Antikor Live тікелей эфирінде мәлім етті.   

– Жалпы жыл басынан бері байланыс орталығына 41 хабарлама келіп түсті. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған сегіз адамға 1,3 миллион теңге көлемінде сыйақы берілді, – дейді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы Нығметжан Сапаров.

Оңтүстік астанада азаматтардың сенімін арттыру үшін қоғамдық қабылдау форматында сыбайлас жемқорлыққа қарсы орталық құрылған. Азаматтар соған жүгініп, қызмет пен кеңес алып, басқа мәселелерін шеше алады.

Айта кеткен жөн, Алматы қаласы жемқорлық фактісі жайлы хабарлаған азаматтар саны жағынан елімізде алдыңғы орындағы аймақ болып табылады.