Алматы

Алматының екі ауданында сервистік әкімдік кеңсесі құрылды

Халық үніне құлақ асатын мемлекет

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Алматы қаласы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен Медеу және Алатау аудандарында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасы аясында ашық сервистік әкімдік кеңсесі құрылды. Бұған дейін Әуезов, Түркісіб аудандарында ашылған болатын.


  Енді Медеу ауданының тұрғындары сервистік әкімдік кеңсесінен "бір терезе" қағидасы бойынша денсаулық сақтау, білім беру, тұрғын үй, жер қатынастары, қала құрылысы мен басқа да әлеуметтік салалар бойынша қызмет пен кеңес ала алады. Сондай-ақ бұл жерден Халыққа қызмет көрсету орталығына тиесілі кейбір қызметтерді алуға болады: Тұрғын үйге, балабақша мен мектепке кезекке тұруға, түрлі анықтамаларды жасату, ЭЦП кілт алуға болады, т.б. қызметтер бар.

Жаңартылған орталықтың іші келушілерге ыңғайлы, емін-еркін, өзін бос ұстайтындай дизайнмен жасалған. Жұмыс орындары техникалық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген, ақпараттық стенд қойылған. Түрлі іс-шаралар мен кездесулерді ұйымдастыруға арналған конференц-зал бар.

Қызмет алуға келген азаматтар мен күтушілерді зеріктірмес әрі баласын қалдырып, еркін қызмет алуы үшін балалар бұрышы ұйымдастырылған.

– Әкімдіктердің "Open-space" форматына көшуі көрсетілетін қызметті алушымен диалог орнату үшін ашық және айқын нысан болып табылады, бұл азаматтардың мемлекеттік билік институттарына сенімін арттыруға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға ықпал етеді. Мұндай технология заманауи жемқорлыққа қарсы мемлекеттік саясаттың барлық талаптарына жауап бере алады. Бүгінгі таңда қаламызда мұндай 7 ашық алаң бар, – дейді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы Нығметжан Сапаров.