Қоғам

Өскеменде тойға келген қонақтар терезе арқылы қашты

Өскемендегі "Көкжал" мейрамханасында үйлену тойы ұйымдастырылған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Өскемен қаласындағы "Көкжал" мейрамханасында карантин шараларына қарамастан үйлену тойы ұйымдастырылған. Алайда, полицейлер мен әкімдік қызметкерлері алты сағат бойы мейрамханаға кіре алмаған, деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап.

Тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау және қауіпсіздігін қадағалау департаментінің хабарлауынша заңбұзушылық 20 қыркүйекте болған. Ал шақыртусыз келген қонақтарды ғимаратқа кіргізбеген.

Әкімдік өкілдерінің мәлімдеуінше, құлыпталған есік жедел жәрдем көлігі келген кезде ғана ашылған. Өйткені, қонақтардың бірінің денсаулығы күрт нашарлағандықтан өздері шақырған.

"20 қыркүйек күні "Көкжал" мейрамханасында адамдардың көп жиналғаны анықталды. Бұл Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік бас санитар дәрігерінің қаулысын бұзу болып табылады", – дейді Өскемен қаласы тауарлар мен қызметтерінің сапасын бақылау және қауіпсіздігін қадағалау департаментінің бас маманы Құралай Дүзгімбаева.

Қазіргі кезде аталған заңбұзушылық туралы барлық фото және видео материалдар тиісті шаралар қолдану үшін жауапты мекемелерге берілді.