Саясат

XX ғасырдағы қазақ ханы не үшін атылды?

Әлихан Бөкейханның атылуына байланысты 3 себеп

 

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан — XIX ғасырдың соңы мен XX ғасыр басындағы қазақ зиялыларының, қоғам және мемлекет қайраткерлері қатарындағы ерекше тұлға. Көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ұлт-азаттық және Алаш қозғалысының жетекшісі, Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы, публицист, ғалым, аудармашы.

Ата тегі Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошыдан тарайтын төре тұқымы. Арғы атасы атақты Сұлтан Барақ. Қазақтың соңғы хандарының бірі Бөкей осы Сұлтан Барақтың баласы. Бөкейден Батыр, одан Мырзатай, одан Әлиханның әкесі Нұрмұхамед.

Әлиханды әкесі тоғыз жасында Қарқаралыға апарып, жергілікті молданың қолына оқуға береді. Бірақ зерделі бала молдадан оқығандардан гөрі осындағы мектепте оқып жүргендердің сауаттылығын аңғарып, қаладағы үш кластық бастауыш мектепке өз еркімен ауысып алады.

Оны бітіргеннен кейін 1879-1886 жылдары Қарқаралы қаласындағы қазақ балаларына арналған мектепте оқиды.

1886-1890 жылдар аралығында Омбыдағы техникалық училищеде оқып, оны "техник" мамандығы бойынша бітіріп шықты.

1890-1894 жылдар аралығында Санкт-Петербургтегі Орман технологиялық институтының экономика факультетінде оқыды. Мұнда ол студенттік қызу пікірталастарға қатысып, XX ғасырдың босағасын аттағалы тұрған Ресейдің қандай жолмен дамуы тиімді болатындығы туралы қайшылықты пікірлер қақтығысына куә болды, өз ойын да шыңдай түсті.

Әлихан Бөкейханның атылуына байланысты 3 себеп

1937 жылы 27-ші қыркүйек күні Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханға үкім шықты:

- Қазақстанда совет үкіметіне қарсы Алашорда үкіметінің контрревалюциялық соғысын басқарғаны үшін;

- Буржуазиялық ұлтшылдығы үшін;

- Қазақстандағы және Мәскеудегі контрреволюциялық орталықтармен байланысы үшін кінәлі деп танылып, ең ауыр жазаға кесілсін.

Үкім көп күттірмей сол күні орындалып, бірден атылып кетті. Үкімнің бірден орындалуы да жай емес… Қазақ халқы Әлихан Бөкейхановтың қайда жерленгенін 70 жыл бойы білмей келді.