Қоғам

Алып қашпай үйленерміз...

Заман басқа

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

«Алып қашып үйленген жандар бақытты болады». Бұл туралы не айта аласыз? Ия, әр елдің салты басқа, иттері қара қасқа. Қазақ халқының сонау салт дәстүрінде «алып қашу» дейтін бір «ауыр» дәстүр бар. 

Заман өзгерген сайын «алып қашу» дейтін салттың  ережелері мен мағынасының сана сезімде өзгеріске ұшырауы болып жатыр. Алып қашу бұрын зорлықтың күшімен емес, екі жақты біте байласқан келісімі, яғни «әлеуметтік жағдайға» немесе «тікелей екі жақты белгілі бір себептермен болған келісімі» арқылы «бейбіт» түрде іске асқан. Ал қазір?

Бұрынғыдай ашық ауада ат үстіне мінгізген бойда алып қашса жақсы ғой. Ауасы тар, химикатпен ластанған машинаның багажына басып алып кететінін қайтесің? Келісіммен бе? Жоқ өкінішке орай зорлықпен. «Зорлық» деген сөз «қылмыс» сөзінің бір тармағы.

Мен әлі жас, өмірді енді түсініп отырған жас бойжеткенмін. Менің қатарластарымнан үйленіп, ана атанып немесе жас келін болып ошақ тұтатып жатқан қыздар(келіншектер) жетерлік. Бірі өз еркімен әлеуметтік жағдайға байланысты «қашып» кеткендер, қазақтың ғажап салты «ұзату» дәстүрімен кеткендер, енді бір тобы «зорлықпен» тұрмысқа шыққандар. 

Қалай өзі? Алып қашудың нәтижесінде отау құрғандардың қаншасы бақытты болды? Мен бұл жерде барлығын өзім көрген мысал арқылы жеткізгім келеді:

1) Жасы қырықтан асқан тәтей өз сөзінде «алып қашқан» күйеуін мүлдем танымағанын айтады. Тәтейді күйеуі сырттай танып, сұрастырып білген екен. Кейін бірнеше күннен соң, жас, болашағынан зор үміті бар дарынды тәтейді «алып қашқан». Көнбей, кетпек болған кезде тәтенің туған ата-анасы қалуын талап етіп, «қайтып келген қыз жаман» деген ырымды алға тартқан. 

Нәтижесі: екі баланың анасы атанған тәтей қазір жалғызбасты ана. Бұрын күйеуінен жылу көрмеген. «Махаббат» дейтін ұлы сезімнің дәмін тата алмаған. Түбі ажырасып, шаңырағы ортасына түсіп тынған. Кейін балалары аман болып, үмітін ақтаса болды. Тәте қазір бар өмірін балаларына арнады. 

Мораль: таныстық пен ырымның ара жігін, мағынасын ажырата білуіміз қажет сияқты. Қарап отырсақ, «ұяттың» маңызы басым болғандықтан, қызының көз жасына қарамастан «танымайтын адамға» «құрбан» жасады. Шындығына «ел не демейді, есек не жемейді?» бұндай жағдай қазір де қайталанып жатыр. Бір елдің сөзіне қаламын деп «қызының болашағына» балта шауып жатқан ата-ана көп. Ел өсегі созылса бір екі айға созылар. «Шын мәнінде ешкімнің ешкімде шаруасы жоқ, тек іші пысқанда айтылатын өсек болса болды әңгімешіл қазаққа».«Қыз ғұмыры тас талқан болса, мәңгілік жазылмас жара болмақ». Қазір заман өзерді, жаҺанданып жатырмыз. Адамдардың барлығы «эмоцияны, шынайы сезімді, бақыт» дейтін сезімдерді бірінші орынға қойып жатыр.

2) Бірақ, жоғарыда «ата-анасының намысы» жағдайды өзгерткенін байқадық. Сонау алпысыншы жылдары мектеп оқыған шағында апамды «алып қашқан» екен. Дауысы жезтаңдай, нағыз танымал болатын үлкен болашағы бар апамды әкесі «алып кетемін», «оқытамын» деп алып кетпекші болған. Бірақ, «болашақ күйеуінің» қандай адам екенін жақсы білгендіктен апам «отбасы ошақ қасы» болуды мансап тұтыпты. Ол кездегі жастардың сана сезімі қазіргідей емес, отбасы ұүруды бірінші орынға қо»ған уақыт болытн. Қазіргі уақытта апамыз көп балалы ана, бақытты әже. Өткен бүгіннің ара жігіндегі сана сезім осыда жатыр.

3) Біз жоғарыда Х, У ұрпақтарының алып қашу салтынан кейінгі жағдайын талдадық. Ал дәл қазіргі технологияның адамы атанған У ұрпағын алып қашу нәтижесінде басынан қандай оқиға өтті? Жақында ғана бір елді елең еткізген оқиға орын алды. 

Өрімдей жас қыз ата-ананың келісімінсіз жігітімен отбасы құруға бел байлапты. Яғни, қыз жігіттің алып қашуына өз келісімін берген екен. Бірақ ата-анасы «алып қашу» заңына қарсы болып қызды үйіне әкеліп алған екен. Себебі, қыздың әлі оқуы керек, тек сезімнің не екенін ғана білетін қыз отбасы мағынасын өрімдей кезінде түсіне бермейді. Себебі заман талабына сай өсіп келе жатыр. Бірақ, қызы ата-анасы қайтып алып келгенде, қатты ашуға булыққан қыз өз өзіне қол жұмсап, о дүниелік болды.

«Қыз баланың жүгі ауыр» деп бекер айтпаған екен. Егер, жаңалықтарды ашып қарасақ, қазіргі заманның «алып қашуы» нәтижесінде болып жатқан түрлі оқиғаларды көріп, жағамызды ұстаймыз. «Алып қашудың» соры қыз балаға ғана емес, жігітке де тиетінін ескеріп кетейік. 

Қазір «демократия» заманы. Адамының бас бостандығы мен құқығы қорғалған заман. Егер қыз бала жүрегі қаламайтын, көңілі тарпайтын адамның «алып қашу» құрбаны болса, заң жүзінде сотқа бере алады. Сол себепті де қызуқанды, ескі дәстүрдің етегінде жүрген жігіттер бұл мәселені ойлана жүру керек деп ойлаймын. «Қазіргі заман алып қашуын» мен эгоизм деп айтар едім. Көпке топырақ шашпаймыз, бірақ қанша дегенмен салт дәстүрдің ара жігін ажырата біру маңызды сияқты. Кейді бір ой туындайды: егер жігіттеріміз немесе кейбір апаларымыз «алып қашуды» дәстүр деп қатты ұстанған болса, онда неге қазақтың байырғы «алып қашудан» да асын ғажап дәстүрлерін ұстанып жүрмейді?

Қанша дегенмен, ата-аналардың бата беріп, алдын-ала құдаласып, сырға салып ұзатып алғанына не жетсін?

«Ақылды қыз қашып кетеді, ақымақ қыз шашып кетеді» деген бір ел арасында мақал бар. Бірақ, менің ойымша ата-ананың міндеті қызын ұядан ұшырып, құтты орнына қондыру болғандықтан «қашып» әуреге салғанша қазақтың осындай мәдениетті, жүрек елжіретер, барлық махаббатты көрсететін «ұзатып шығару» дәстүрін ұстану керек сияқты. 

"Жағдай  болмағандықтан" деген сөз жай ғана сылтау сияқты. Себебі, бір бірін сүйген жан материалдық жағдайға, бір-бірін сыйлаған құда "қазандағы асын" сынамайды.  Себебі, барлық тойдың бастауы құдаласып, ұзату той жасауда жатыр емес пе?