Әлем жаңалықтары

Трамп Американы "ұлы" етті ме, мақсатына жетті ме?

Кез келген президент билік тағына отырғанда бір нәрсені уәде етеді: халықтың жағдайын жақсарту.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Кез келген президент билік тағына отырғанда бір нәрсені уәде етеді: халықтың жағдайын жақсарту. Трамп та солай істеді. “Экономика дамиды, еліміз көркейеді, гүлденеді” деді. Президент уәдесінде тұрды ма? Коронавирус пайда болып, әлемдік пандемия орнамайынша Америка байыды ма?

Жауабы: иә, ел дамыды. Алайда Трамп бұған қаншалықты үлес қосты?

Мәселе Трамптың табысы, кірісі, шығысы жайында емес. Трамп қарашада өтетін сайлауда жеңіске жетіп, екінші мәрте президент болып сайланса да немесе президент орынтағын босатса да, Американың экономикасы үлкен өзгеріске ұшырамақ.

Ал Трамп билеп төстеген тұста не өзгерді?

“Қарғыс атқыр” вирус бәрін құртты...”

АҚШ экономикасы өркендеп, халықтың жағдайы жақсарса, Трамп арқасын кеңге салып, кеудесін керіп, сайлауға еркін әрі мақтанышпен қатысуды жоспарлаған. Бірақ әлемді пандемия жаулап, ел экономикасы кері кетті. Мемлекетті дағдарыс жайлады, халық жұмыссыз қалды, жағдай мүшкіл.

2020 жылға дейін бәрі қалыпты еді: экономика жылына орта есеппен 2,5%-ға, 20 трлн долларға дейін өсті. Бұл – әлемнің төрттен бір бөлігі.

2016 жылы президент 4%, 5 тіпті 6%-ды уәде етті. Алайда бұл көрсеткіш те жаман емес еді. Дамыған мемлекеттер дағдарысқа ұшырап, Еуропа, Жапония сияқты экономикасы мықты елдердің дамуы баяу жүріп жатқанда, Америка алда еді.

Бірақ “қарғыс атқыр” вирус келді де бәрін тас талқан етті. Трамп ел есінде “пандемия кесірінен экономикасы құлдыраған Американың президенті” ретінде қалып қоймақ.

Бірақ вирусты ойлап тапқан Трамп емес қой. Вирус болмағанда Трамп межеге жететініне сенімді болды. Бірақ қарсыластары оны “қиындыққа төтеп бере алмады” деп кінәлап отыр. Жарты жылда 200 мың адам өлімі. Оңай емес.

Пандемия АҚШ-қа жеткенде ғалымдар испан тұмауы жайлаған кезеңді назарға алып, дереу шектеулер орнату керектігін ескертті. Экономика бүкіл әлемде бірдей құлдырайтын болады. Бірақ шеутеулер енгізіп, халықты қорғасақ, жағдай да баппен қалпына келетінін эпидимиологтар айтқан еді.

Бірақ Трамп көнбеді. Әкімдер мен губернаторларға мамырдың басында-ақ шектеулерді алып, елді ашуды бұйырды. Халықтың жұмыс істеуін талап етті.

«Тек қана Америка!»

Трамптың билігі бір девизге сүйенді: “Американы қайта ұлы ету”. Яғни президент бірінші орынға халықты емес, Американы қойды. Трамптың жақтастары оның жаға курсы мен “оқшаулану, сауда агрессиясы, санкциялар мен шектеулер” сынды құралдарын қолдады.

Ал қарсыластары Трамптың елді болашаққа емес, артқа қарай сүйрегісі келетініне күйінді. Трамп елді өткенге қайтаруға күш салып жатыр деп санады.

Америка экономика тарихының соңғы онжылдығына қарсы аққан алғашқы держава болды. Ол жаһандану мен ашықтыққа қарсы болды, кей дамушы елдермен келісім жасауы қиын еді. Ақ үйді сыртынан бақылағандар АҚШ-тың болашағына күмәнмен қарай бастады.

Трамп алдымен Америкаға Еуропаны қарсы қойды. Көршілес Канада мен Мексиканы қысымға алды. Қытаймен сауда әрі технологиялық соғыс бастады. Ол АҚШ-ты климаттың өзгеруі туралы Париж келісімінен шығарды, Дүниежүзілік сауда ұйымын сал етті, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымын қаржыландырудан бас тартты. G7 кездесулерінде өзін жатсынды, саясаттың этикеті мен дәстүрін аяққа таптады.

Жақтастары Трамптан халықтың жайын ұмытқан бүлікшіні көрді. Ал қарсыластары тарихты, заңды бір твитпен өзгертуге болмайтынын айтып шуласып жатты.

Хаңды жасаған экономистер Трамп билігіндегі америкалық саясаттың мутациясын аса шыдамдылықпен зерттеуге көшті. Өзгеріс енгізуге олар асықпады.

Қаржыгерлер газет беттерінен доллардың әлемдік резервтік валюта ретінде жақын арада құлдырауы туралы тақырыптарды оқып жағаларын ұстады.

Трамптың “жақсылықтары”

Жеке секторларда жалақы өсті, жұмыс орындары көбейді. Жұмыссыздар саны 3,5%-ға қысқарды.

Твиттері арқылы отандық банкті қысымға алып, ставкалардың жоғарылауын тоқтатты.  Несиелік ынталандырудан басқа Трамп тікелей бюджетке қолы жеткізді: Конгресс арқылы салық реформасын жүргізді.

Вирусқа дейінгі Трамп билеген елдің экономикалық жағдайын сарапшылар екі стратегияда қарастырды: агрессивті протекционизм мен энергетиканы дамыту мақсатында “жасыл” күн тәртібінен бас тарту.

Протекционизм жайлы

Трамп бүкіл әлеммен сауда соғысын бастады. Қытай мен Еуропа тауарларына баж салығын көтерді. Ондағы мақсаты АҚШ халқының америкалық өнімдерді көптеп пайдалануын қамтамасыз етіп, сауда тапшылығын азайту және технологиялық басымдыққа ұмтылатын Қытайды “орнына қою” еді.

Ал нәтижесі күткендей болмады, тапшылық керісінше өсті. Көтерілген баж салығын америкалық тұтынушылар төлейді, ақша бюджетке түседі. Демократтар Трамптың сауда соғысының салдарынан Америка 300 мың жұмыс орнынан айырылды.

Трамп дәуіріндегі протекционизмнің қүлдырауы әзірге осындай. Ал экология мен энергетика саясаты айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізе алған.

«Біз әлемдегі энергоресурс өндіретін алдыңғы шептегі мемлекетпіз. Кім ойлаған! Энегретика жағынан біз мықтымыз! Мықтымыз! Энергоресурстарды экспорттайтын алғашқы елміз. Мұндай табыс бұрын соңды болмаған!», - 2018-де өзін әбден мақтаған.