Мұрағат
Тіл мәдениеті – тілдің тарихын, ұлттың мәдениетін зерттеуде ең құнды мұра
Тіл мәдениеті – тілдің тарихын, ұлттың мәдениетін зерттеуде ең құнды мұра деп айтсақ қателеспейміз. Өйткені осы саланы зерттеген ғалымдардың ой-пікірлері де – осының дәлелі.
Тіл мәдениеті ертедегі өткен адамдар өмірімен тығыз байланысты. Табиғатынан тіл адамның тұрмыс-тіршілігі, қоғамдық, материалдық, рухани және ұлттық әдет-ғұрпы, мәдени өмірі жайлы мәліметтер алуға болады.
Тіл мәдениеті тарихи ерекшелікке ие, өзіндік даму тарихы бар тілдік бірлік деп санаймыз. Ол тіл білімінде жалпысөзді әдеби тілдің нормасына сай, дұрыс жұмсау процесі, ойдың мен ақпараттың «тілге жеңіл, жүрекке жылы тиетіндей» етіп жеткізе алатындай әсерлі болуынтұтастықта қарастырылатын, өзіндік уәжділігі бар маңызды тілдік құбылыс.
Тіл мәдениеті – шындық болмыста көрініс табатын, қоршаған ортада сұранысқа қажет дәрежесіне ие, басымдығы салмақты тілдік құбылыс. Ғалымдардың берген пайымдауларына сүйенентін болсақ, тіл мәдениеті тұлғалардыңсөздік бірліктерді таңдау арқылы ой мен пікір мазмұнының нақты жеткізе білу шеберлігін қадағалау үрдісітілде көрініс табады.
Әрбір халықтың тіл мәдениеті жүйесінің өзіндік лингвистикалық табиғаты бар және өзіндік ұлттық нышанға ие. Ол тілде бір тілге қатысты ғана қарастырылмайды, оның пайда болу тарихы, сол тілдегі өзіндікқолданысы, оның даму тарихы бар. Тіл мәдениетінің негізгі басымдығы тұлғалардыңқарым-қатынас әрекетінің нәтижесі мәдениеттіліктің тамаша үлгісі ретінде көрініс береді. Мұндай құбылыс сол басымдықтықолданушы халықтың дәстүрлері, қоғамдық жағдайынан көрініс табады.
Әрбір халықтың өзара тілдік қатынастар әрекетінің мағыналық бағыты халық өмірінің айнасы іспеттес, өмірде ұрпақтан-ұрпаққа жалғасын тауып, бірте-бірте өзгеріске түсіп отыратын, ұлттық сипатқа ие лингвистикалық құбылыс болып саналады. Сол себепті тіл мәдениетінің саласын зерттеу қазақ тілінің тарихы үшін, оның ішінде тіл білімінің теориялық және практикалық дамуы үшін өте өзекті деп санаймыз. Сондай-ақ тіл мәдениетінің қарастыратын тілдік нормалық ғылымының зерттеу нәтижелері тіл біліміне қатысты фонетика, орфография, морфология, синтаксис, стилистика, диалектология және басқа да бағыттар үшін де өте маңызды және құнды болып табылады.
Тіл біліміндегі тіл мәдениеті мәселелеріне А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанов, І.Кеңесбаев, М.Балақаев, С.Аманжолов, І.Кеңесбаев, Қ.Жұбанов, Ә.Марғұлан, М.Әуезовтарсияқты ғалымдар назар аударған, бұл мәселе олардың зерттеу еңбектерінің нысанына айналған.
Тіл мәдениетінің ұлттық мәдениет пен болмыстың ерекшелігін таныта отырып, жан-жақты зерттеліп келеді.Ал бертінгі уақытта Р.Сыздық, Ә.Қайдар, Е.Жанпейісов, Е.Жұбанов, Н.Уәлиев, Т.Жанұзақов, А.Жылқыбаева, Ж.Манкеева, Р.Шойбеков, Қ.Рысбергеновалардың еңбектерінде тіл мәдениетіне қатысты теориялық тілдік фактілердің өзіндік сипаты туралы пробламаларқарастырылған.