Қоғам
15 жыл бұрын Галина Григорьевна қатты ауырған
Оның көршісі Ольганың айтуынша, 15 жыл бұрын Галина Григорьевна қатты ауырған.
"Галинаға басында ұлы көмектесіп, ақша жіберіп тұратын, бірақ кейін белгілі бір себептермен жібермейтін болды. Ол Израильде тұрады, отбасы бар деп айтады. Менің білуімше, қазір олар араласпайды", - деді көрші әйел.
Галина Григорьевнаның үйіне "Эко Маңғыстау" үкіметтік емес ұйымының директоры Кирилл Осин келді.
"Пәтер дегеніңізден түк қалмаған. Ұзақ жылдар бойы жөндеу жүргізілмегені көрініп тұр, бәрі қирап жатыр. Жиһаз жоқ, әжей қолдан жасалған төсекте ұйықтайды. Дәретхана да жоқ", - деді Кирилл Осин.
"Ол өзіне тамақ та әзірлей алмайды. "Бичпакет" жейді. Коммуналдық қызметтің тариф бойынша ақы жазып беретініне және өсімақы қосатынына таңғалып тұрмын, себебі әжей бірнеше жылдан бері олардың қызметін пайдаланбайды. Қарыз сомасы 600 мың теңгеге жуық екен. Жылуды қалдырыпты, сондықтан ол қыстан аман шыққан", - деді "Эко Маңғыстау" директоры.
Сондай-ақ әжейдің үйіне жергілікті волонтерлар келіп, бірнеше сағат бойы жинаған. Олардың айтуынша, алда әлі жұмыс көп.
Көршілері де Галина Сумбуловаға көмектесіп тұрады. Бірақ ол көмек аздық етеді. Сондақтын көршілері көмек қолын созатын жандарды іздейді.
"Қазір ең алдымен пәтерін реттеп, жөндеу керек. Жиһазы, үстел, орындық, жататын төсек жоқ. Зейнеткер кез келген тамақты жей алмайды, таңдап алады. Сондықтан оған көмектесетін адамдар табылар деген ойдамын", - деді көршісі Ольга.
Көршісінің айтуынша, Галина Григорьевнаның өзі болып жатқан жағдайға сене алмай отыр.
"Мен оған волонтерлар шын пейілмен көмектесіп жатқанын, ол үшін ештеңе сұрамайтынын айттым. Әжей кейін олар ақша алатын шығар, қазір ешкім жайдан-жай көмектеспейді деп ойлайды", - деді Ольга.