Шымкент
Ирригициялық жүйелерге санитарлық тазалау жүргізілді
Шымкент қаласында су басудың алдын алу мақсатында ирригация жүйелерінің негізгі артериясы саналатын Жаңа Шек каналының Казбакалейторгтан Аймаутов көшесіне дейінгі арнасында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Арна ұзындығы 11,8 шақырымды құраса, биыл соның 4,4 шақырымына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Аталған күрделі жөндеу жұмыстары қараша айында аяқталады.
Сонымен қатар, арнайы мамандар ұзындығы 97,7 шақырым келетін 9 өзен-каналды және орталық көше бойындағы 485 шақырым ирригициялық жүйелерге санитарлық тазалау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Олардың атарында Қошқар ата, Қара су өзендері мен Ақсай Қарабастау, Шымкент, Жаңа Шек, Компас, Тоғыс, Сасық, Ынтымақ каналдары бар.
Жыл басынан бері 48,2 км өзен арналары тазаланды. Оның ішінде 31,7 шақырым өзен-канал арналарыны қолмен тазаланған болса, ал 16,5 шақырымына механикалық тазалау жүргізген.
Бұдан бөлек, су алу қауіпі бар 32 мекенжайға 14,2 шақырым ирригациялық жүйе салу жұмыстарына бюджеттен қаржы қаралып, жұмыстар жүргізілуде. Аталған жұмыстар нәтижесінде Бәйдібек би көшесіндегі «Алтын сарай» тойханасының алды, Төлеметов көшесіндегі Айбол аялдамасы, Бабашұлы көшесіндегі №115 мектептің алды, Көшеров көшесі, Жібек жолы көшесі Тесік көпір өткеліндегі мәселелер шешімін таппақ.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі