Ойындар

Пайдасынан гөрі зияны зор...

Неліктен көбісі интернет ойындарына қарсы?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Біз заманауи технологияның дамыған заманында өмір сүріп отырғандықтан, соңғы он жылда дүниеге келген балалардың планшет, смартфон немесе компьютерге телініп отырғанын жиі көреміз.  

Кез келген отбасыда бұл көріністі байқауға болады. Баланың жастайынан технологияларды қабылдауына не әсер етеді деп жиі ойланамын. Менің ойымша, ол ата-анасының іс-әрекеттеріне байланысты. Яғни, бала ес білгеннен нені көрсе, не нәрсеге бейімделсе, өскенде міндетті түрде соның барлығын істейтін болады. Егер ата-анасы смартфонға көп қарамай, керісінше кітап оқып, баласымен далада серуендеп , ойнататын болса,  онда кез келген бала соған бейімделеді. 

Интернет  ойындар заман талабына сай жаңарған және өте жақсы дамыған. Қазіргі  таңда дәл осындай ойындарға, интернет клубтарға деген балалардың құлшынысы артуда. Олар бос уақыттың бәрін  неше түрлі ойындарды ойнау арқылы өткізеді. 

Тіпті сол визуалды әлемге кіріп  кетіп, шынайы өмірді ажырата алмай қалады. Бойындағы бар ашу-ызасын, өкпе-ренжісін  ойындағы персонаждарға шығарады. 

Сондықтан да жасөспірімдердің ойынның қызығына тоймай , сол бір құлшыныстан шыға алмай қалу қаупі бар. Осындай жағдайда ата- анасының және психологтардың рөлі үстем болу керек. Бірақ интернет ойындарының жақсы жақтары да бар. Ол ойынға байланысты. 

Адамның логикасын, ойлау қабілетін дамытатын, ІТ сферасында ақпарат алуға болатын ойын түрлері көп. Кейбір  ойындарда бала өзінің фантазиясы арқылы көп арманын орындай алады. Мысалы, архитекторлық жағынан үй құрастырады, өзіне ұнайтын киім үлгісін ойлап таба алады, тіпті шетелді де көре алады. Табыс табатын ойындар да бар. 

Яғни, кез келген ойынның пайдасы да, зияны да бар. Егер адам өз уақытын тиімді пайдаланып, денсаулығына зиян келтірмей, кез келген жағдайда өзін ұстай білетін болса, заманауи ойындардан көп пайдасы бар ақпарат ала алады. Бастысы ойынға тәуелді болмауы керек.