Құқық

Үстіңіздегі бренд киімді кім тіккенің білесіз бе?

Африка – кедей әрі экономикалық тоқыраудан шыға алмай отырған мемлекеттер көп орналасқан құрлық

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Биыл Бангладештегі Рана-Плаза фабрикасында орын алған апатқа жеті жыл толып отыр. 1133 адамның өмірін жалмаған ғимараттың құлауы әлемдегі сән индустриясындағы біраз былықтың ашылуына себепкер болды.

Сән индустриясы күн санап дамып келе жатыр және әдемі киінуге деген сұраныстың артуы дамушы елдерде де жиілегені сөзсіз. Бәріміз сөзсіз арзан әрі әдемі киінгіміз келеді. Алайда көзтартар әдемі пінімді худи, көйлек пен футболкаңыз, тіпті шұлығыңыздың өзіне қаншама адамның маңдай тері мен көз жасы сіңгендігін білесіз бе?

Бұл мақалада ӘЛЕМДІК СӘН ИНДУСТРИЯСЫНЫҢ тасада қалып жатқан сұмдық тұстарын көрсететін боламын!

АДАМДАР ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ТАПТАЛУЫ

Көптеген әлемдік сән үйлері өздерінің киімдерін дамымаған, кедейлік жайлаған үшінші әлем елдерінде тігетінін біліп пе едіңіз?

Африка – кедей әрі экономикалық тоқыраудан шыға алмай отырған мемлекеттер көп орналасқан құрлық. Сәйкесінше бұл елдерге шетелдік инвестиция өте маңызды. Сол себепті егер де әлемдік «Caka SHANIL» (әдейі өзгертілді) сияқты сән индустриясының алыптарының зауыт-фабрика саламыз деген ұсыныстарын кедей елдер үкіметтері қуана қарсы алады. Алайда көптеген халықаралық ұйымдардың сараптауынша мұндай брендтер ол елдерде адам сенгісіз заттарды жасауға көшетін көрінеді.

АРЗАН ЕҢБЕК КҮШІ

Көптеген жағдайларда заңды келісім-шартсыз жұмыскерлер алып, төмен жалақы(Еуропалық стандарт бойынша) төлейді. Мысалы: айына 50-60 доллар жалақы кедей елдер үшін ақша болып көрінгенімен, жағдайды жақсартуға мүмкіндік бермейді. Сөзсіз ол брендтердің дамыған елдердегі сатушылары кемінде мың доллар алатын болса, сол киімдерді тігетін, негізгі еңбек күшінің төмен жалақы алуы – ӘДІЛЕТСІЗДІК. Өзіңіз ойлап қараңызшы, бір айда 30 футболка тіккен адам 15000 тг жалақы алады. Ал фирма 90 000 тг табыс табады. Арзаң еңбек күшінің болуы индустриялық алыптардың табысын арттырып, шығынды азайтады.

Неге үкіметтері бұл мәселеге назар аудармайды дейсіз ғой?! Себебі: коррупцияға белшесінен батқан үкімет үшін бюджетке ақша түсуі адам құқығына қарағанда маңыздырақ. Көптеген халықаралық адам құқықтарын қорғайтын ұйымдар БҰҰ шағымданса да, аталмыш мәселе шешімін таппай отыр. Себебі индустриялық алыптар көбіне басқа ЖШС ашып, басқа атаумен жұмыс жасайды. Оған қоса жұмыскерлердің өзі көбіне қай брендтің киімін тіккендерін айта алмайды. Оларға айтпайды, жазуды оқуға көбіне сауаттары жетпейді. РТД арнасының ағылшын қызметі жасаған журналистік зеттеуде жұмысынан нақты себептерсіз шығып қалған адамдар өздері тіккен киімдерде қолтырауын, жолбарыс және галочка сияқты белгілердің болғаның айтқан.

БАЛА ЕҢБЕГІ

Комбоджада балалар 15 жастан бастап жұмыс істей алады. Алайда көбіне бұл заң сақтала бермейді. Тігін фабрикаларына жас қыздарды 12 жастан бастап алады. Олар жұмысқа кедергі жасамасын деп мектептегі оқуын тастап кетеді. Себебі кедей отбасыдан шаққан қыздарға тоқ жүру, қалтасында тиын-тебені болуы әлдеқайда маңызды. Білім алмаған қыздар уақыт өте келе осынау «ҮЛКЕН ЖҮЙЕНІҢ» бір бөлшегіне айналады. БҰҰ балалар құқығын қорғайтын ЮНИСЕФ ұйымының деректері бойынша 170 миллион кәмелеттік жасқа толмаған балалар тігін-сән индустриясында еңбек етуде. Оларды нормадан тыс ауыр қызмет атқаруға күштеп, үстеме жалақысыз стандартты уақыттан артығымен жұмыс істеткізеді. Оған қоса аталмыш зауыттарда балалы әйелдерге арналған «КҮТУ ЗОНАСЫ» бар. Ол жерге әйелдер жұмысқа балаларын алып келіп, кедергі жасамауы үшін қалдыра алады. Шынтуайтына келсек, көбіне ол жай ғана бетон қабырғасы мен едені бар бөлме. Көп балалар сырқаттанып, дер кезінде емделмегеннің кесірінен өмірмен қош айтысып та жатады. «Күту зоналарында» мұғалім, тәрбиеші, тіпті балаларды бақылап отыратын күзетші де болмайды.

ӘЙЕЛ ҚҰҚЫҒЫ

Тігін саласына әйелдер жұмысқа тұратыны айтпаса да түсінікті. Заңды тіркелмеген жұмыс болғандықтан олар декреттік демалысқа шыға алмайды, тіпті керек десеңіз олардың балалы болуға да құқығы жоқ. Зауыт әкімшілігі жұмыскерінің жүкті екенін біліп қалса, әйел соңғы жалақысын да ала алмай жұмыстан шығып қалады. Себебі жүкті әйел салыстырмалы түрде азырақ еңбек етеді, оның жүкті екені тексеріс кезінде анықталса, зауытқа айыппұл салынады. Ал әкімшілік үшін жүкті әйелге декреттік демалыста ақша төлеу тиімсіз. Сол себепті көптеген әйелдер жүкті болған жағдайда іштерін жасыруға тырысады. Нәтижесінде түсік тастау мен шаранаға зақым келтіру деректері көптеп кездеседі.

Жалпы қорта келе, біз сізді белгілі бір брендті жек көруге не одан бас тартуға шақырмаймыз. Бастысы үстіңізге киетін киімді таңдағанда сараптап, дұрыс таңдау жасауға тырысайық.