COVID-19

Карантиннің пайдасы мен зияны

Карантиндағы халық жағдайы қандай болды?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ауру айтып келмейді демекші-кешегі күйбен тіршілік пен тоқтамайтын халық, бүгінде далада емін-еркін жүрудің өзіне зар болып қалғандай. Қозғалысқа үйреніп қалған халық үшін, бұл жайт төбелерінен жай түсіргендей болды. Бәлкім, бұл бізге берілген сынақ...

Карантинға дейінгі өмірімізді еске алатын болсақ, дамылсыз, тоқтаусыз жұмыс істейтінбіз. Отбасы,жақындар,достарға деген қарым-қатынасты, жылулықты естен шығарып, күнкөріс қамын ойлап кеттік. Әйткенмен, қу тіршілік, өлмей бітпес...

Осы себептен де, бір-біріміздің қадірімізді түсінсін деген ,жаратқанның қалауы болар. Карантиннің пайдасы осы болғанымен,зияны да жоқ емес. Осы індет кесірінен, жасымыз да, кәріміз де бұл өмірмен ерте қоштасты. Талайдың өмірін жалмады. Жазықсыз жандар жапа шекті. Себепсіз көз жасы тамылды. 

Өндіріс ошақтары тоқтады. Жұмыс тоқтады. Барлығы өздері нан тауып жеп отырған жұмыстарыннан айырылды. Жұмыссыз, төрт қабырғадан шыға алмады. Азық-түлік,киім-кешек, отбасы мен балаларының қажеттіліктеріне қаражатты қалай табарларын білмей, дал болды. Үкімет төтенше жағдай үшін берген 42500 жыртықтарына жамау бола алмады. Бұл әдетте бір айлық азық-түліктің сомасы.

Үй шаруасымен күннің қалай өткенін байқамай қалатын ата-анаға, баласына мұғалім болу жүктелді. Баланың аты бала. Мектепте ұстазынан қорыққанынан оқитын бала, үйде ата-анаға еркелелейтін бала, үйде сабақ оқып жатырпас.

Қазіргі оқу жүйесін ,бала тұрмақ,ата-ана әрең түсініп жүр. Өзі білмей тұрып, баланы қалай оқытар.Бұл жайт бала ға да,ата-анаға да өз салмағын салуда. Жоғары оқу орнында білім алушыларды да ,осы жағдай тығырыққа тіремей кетпеді.Ауылдық жерде тұратын студенттер үшін интернет жеткіліксіз болды.

Осы себептен, сабаққа толыққанды қатыса алмай шетте қалып қойып жатты. Оқу платформаларында (зум) берілген уақыт бір сағатқа да жетпейді. Бұл уақыт ішінде мұғалім сабақты түсіндіріп те, студент сабақ айтып та үлгермейді. Өз ісінің шеберлері,жоғары оқу орнында білім алушылар 50% теория, 50% практика түрінде білім алып жатқандығын айтады. Білікті, өз ісінің маманы болып шығу үшін 50% практиканың болғаны жеткіліксіз екендігін ескерген. Карантиндегі,қашықтықтан оқудың арқасында студенттер тек теория жүзінде білім алып жатыр.

Карантин басталғалы бір жылдай уақыт болып барады.Яғни,бір жыл босқа ,текке өтті деген сөз. Бір жылда жетістіріп сабақты ешкім меңгеріп кете алмады. Осылай жүргенде бүгінгі арман-мақсаттарымызды,ертең өміріміздің шындығына айналдырып үлгере аламыз ба,белгісіз...

Қазіргі күні 2020-2021 оқу жылы басталғалы,осы қашықтықтан оқудың кесірінен,оқушылар білім алу үшін ,кітаптарын құшақтап алып тау-мен тасты кезіп жүр. Неліктен? Жауабы белгілі-интернеттің жоқтығынан. Тау, тасты кезіп жүргенде, төтенше жағдай болмасына кім кепіл?! Олардың қауіпсіздігіне кім жауап береді? Бұл соңы болса игі... Осылайша карантин бізді әбігерге салмай қоймады.

Бұл сынақ та өтер. Бәрі жақсылықпен бітер. Ертеңіміз жақсы болады деген сенімімізге ,иланудан басқа амалымыз жоқ...