Мұрағат

"Тіршілік" газетіңнің ашылуы

ХХ ғасырдағы баспасөз

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

«Тіршілік» газеті «Тар жол тайғақ кешу» романында «Ақмолада» деген эпизодынан басталады. Комитет ісі, жоғарғы айтқандай, бір қалыпта жүріп жатты. 

Жұрт басы ауырса да коитетке келетін болды. Қазақ комитеті ғана біледі. Сот та, милиция да қайнап жатты. Бірақ жоғарғы үкіметтен ешбір жоба жоқ.

«Тіршілік» газеті Орынборда болған 1 жалпы қазақ съезінен кейін пайда болды десек болады, себебі мына үзінді де былай жазылған. Қажы, молдалар, болыстар бізге қас болып алды. Бізді дінсіз, елді бүлдіргіш деп сөз жүргізіп жүрді.

Қайтып келіп «Тіршілік» деген газет шығара бастадық.

«Тіршілік» газеті мен «Жас қазақ» ұйымы күшейе берді.

«Тіршілік» газетінде байларға, болыстарға, молдаларға қарсы жазып жаттық. Комитетінің кімдікі екенін бұқараға сездіріп жаттық. «Тіршілік» газеті бірінші нөміріне басылған "Күзетші иттер..." деген өлең. Комитеттің төрағасы Құсайын Қожамбердіұлы едәуір шамданып жүрді. Бірақ не қылсын? Комитет, губерниялық комитеттің өмірі бойынша, елден ақша жинамақ болды.Үй басынан жеті жарым сом.

Комитет ісінің бәрі де осындай делінді... Бұл әншейін жүзден бірі ғана келтірілген мысал.

«Тіршілік» газеті көбінесе ауызша сөз жүргізіп, комитетке жөнді ақша бермей отырды.

1925 жылы жазғытұрым Ташкентте «Ақжол» газетінің Жалпы қазақстандық тілшілер съезінде, Байтасұлы деген жігіт тура осы сөзді айтады.

Тағы бір қызығы 1917жылы «Қазақ» газеті «Мүпти» керек деген мақала жазылып жатты, осы туралы сол жылы «Тіршілік» газетінің бас жазушысы Рахымжан Дүйсенбаев «Тіршіліктің» бір нөміріне бас мақала жазды.

Бұл мақаланы «Қазақ» газеті алып көшіріп жазды бірақ оны «біздің пікірімізге қарсы пікір» қылып шағарды.

Осы таңда пікір екі жақты болады біреуі мүпти қазаққа керек деп, біреуі мүптиге қазақтың көбісі қарамайды деген пікірде болады.

Міне, осы мақала діншіл газеттің мақаласы ма?.. Ол уақытта осындай мақаланы «Тіршілік» газетінен басқа еш бір қазақ ойына алған жоқ та. Өйткені олардың тар жолында мұндай мақаладар дұрыс емес еді.

Бұдан басқа біз білетін «Ашық хат» мақаласы да осы «Тіршілік» газетінде белгісіз Шамиль деген бүркеншік атпен жазған автор, «Қазақ» газетінің бетіне шығуын сұрады. Тағы Спасскі заводының жастары «Жас жүрек» деген қауым ашты. Бұлар «Жас қазақпен» байланыс жасап, «Жас қазатың» заводтағы бұтағы болып жүрді. «Жас жүректің» басындағы түрік жігіті «Тіршілік» газетіне сөз жазып тұрған екен.

«Сәкен, ең алдымен, өтірік дегенді білмейтін адам еді. Оның досы да, дұшпаны да көп болды. Солардың ешқайсысы не бұрын, не қазір Сәкеннің жалған сөйлегенін не көрдік, не естідік демеуге тиіс. Сәкен аса уәдешіл болатын, уәделі ісін бұлжытпай дер кезінде орындайтын. Екі сөзді айтпайтын» деп, өмір бойы қол ұстасып өткен жан досы Сәбит Мұқанов жазған болатын.

Сәкен Сейфуллин 1917 жылы Ақмола қаласында «Тіршілік» атты қазақ газетін шығаруды қолға алғанын туралы жазды. Сол «Тіршілік» газеті бүгінгі күні «Арқа ажары» газеті болып, жұмысын жалғастырып жатқанын мақтанышпен айтамыз. Бүгінгі «Арқа ажарының» Көкшетаудағы редакция ғимаратында 2017 жылы Сәкен Сейфуллинге арнап ескерткіш тақта орнатылды. Осы тұста «Тіршілік» ғасыры – Арқа ажары деп айта аламыз.