Weekend
Ұлы Қытай қорғанының қазіргі жағдайы қандай?
Бірақ, осындай үлкен тарихы бар керемет құрылыс аз уақытта жоғалуы мүмкін. Ұлы Қытай қорғанының жағдайын зерттеу үшін шақырылған тарихи ескерткіштерді қорғау жөніндегі британдық сарапшылардың мәліметінше, сәулет өнерінің бірегей ескерткіші 2030 жылға қарай жойылуы мүмкін.
Ғаламдық жылынудың әсерінен екі мың жылдан астам уақыт алдын жасалған қытайдың ұлы қорғаны жойыла бастады. Ғалымдардың пікірінше, температура ауытқуы мен табиғи эрозияға байланысты Қытайдың Ұлы қорғаны 2/3 шамасында құлаған. Ал 20 жылдан кейін ол қирандыға айналуы мүмкін.
Туристер әдетте Пекиннің солтүстік-батысына қарай 60 шақырым жерде орналасқан Ұлы қорғанның бір бөлігін көреді. Бұл жерде Badalin тауы бар, онда қорғанның ұзындығы 50 км құрайды. Ұлы қорғанның бұл бөлігі өте жақсы жағдайда. Бұл таңқаларлық жағдай емес. Себебі жердегі қалпына келтіру ХХ ғасырдың 50-жылдары жүзеге асырылды. Шын мәнінде, қорған ескі фундаменттің үстінде қайта қалпына келтірілді.
Қабырғалардың басым бөлігі құлап, дереу жөндеуді қажет етеді. Архитектуралық ескерткішті егжей-тегжейлі зерттеуде сарапшылар Ұлы Қытай қорғанының ұзындығының 89,5% -ына жөндеу қажет деп қорытындылады. Хан әулетінің кезінде 206 және 220 жылдар аралығында салынған 60 км аумағы Гансу провинциясында орналасқан, ең жылдам жөндеу жұмыстарын қажет ететін аймақ.
Адамзат қозғалысы мен жаһандық жылынудың әсерінен қабырға орналасқан жердің климаты өзгереді. Уақыт өткен сайын құрылым әлдеқайда жұқарады және шаң болу қаупі бар. Соңғы 20 жылда Гансу провинциясында 40 шақырымнан астам жер жоғалып кетті. Кейбір жерлерде қабырғаның биіктігі бес метрден екі метірге дейін қысқарды, шаршы күзет мұнаралары толығымен жойылды. Осындай үрдістер Қытай қорғанының басқа бөліктеріне де кесірін тигізуі мүмкін.