Әлем жаңалықтары
Бішкекте аласапыран: демонстранттар парламентке басып кірді, экс президент пен премьер бостандыққа шықты, ал оппозиция болса халықтық үкімет құрып, жаңа премьер сайлауға ниетті.
Аласапыранның басты себебі – жексенбіде өткен сайлаудың нәтижесі еді.
Сайлауға қатысқан 16 партияның 12-сі нәтижеге келіспей, партия лидерлері бейбіт шеру бастаған. Алайда оның соңы Ақ үйдегі дауылға ұласты.
Демонстранттар жексенбінің түнінде президент әкімшілігі мен праламенттің ғимарттарына басып кірді. Құқыққорғау органдары бұған бөгет болған жоқ. Алайда Ақ үйдің іші бос еді.
Сол күні күндіз қауіпсіздік қызметкерлері Ақ үйге кірмек болған демонстранттарға қарсы күш қолданған. Бірнеше сағаттан кейін шерушілердің саны артып, агрессиямен милиция көліктерін өртеп, жедел жәрдем көліктерін шабуылдады. Мұны жедел жәрдем басшысының меңгерушісі Егор Борисов хабарлады.
Бостандық...
Шерушілердің бір бөлігі Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетіне табан тіреп, қамаудағы экс-президент Алмазбек Атамбаев пен бұрынғы премьер-министрлер Сапар Исаков пен Жантөре Сатыбалдиевті босатып алды.
Бұл шенеуніктер Атамбаев билігінің тұсында жемқорлықпен ұсталған еді.
Бір айта кетерлігі, комитеттегі милиция қызметкерлері шерушілерге қарсылық танытпапты. Керісінше, “халықпен бірге” екендерін айтып, бейбіт түрде ғимаратты босатып, қолдарын көтеріп сыртқа шыққан. Бұл туралы оқиға орнынан Интерфакс тілшілері хабарлады.
Сонымен қатар қамаудағы бұрынғы депутат Садыр Жапаров та босатылды. Ол Қаракөлдегі шеру барысында тұтқын ұстағаны үшін айыпталған. Биліктен жергілікті тұрғындардың мүдделерін ескере отырып, «Құмтөр» алтын кенішіндегі мәселені шешуді әрі Қырғыз Республикасының жобадағы үлесін 70 пайызға дейін ұлғайтуды талап еткен еді.
Таңға жуық Ақ үйдің бірнеше кабинеті өртке оранды.
Бішкектегі наразылық
Денсаулық сақтау министрлігі қақтығыс барысында 120-ға жуық адамның зардап шеккенін мәлімдеді. Олардың арасында оппозициялық партияның депутаты Жанар Ақаев та бар.
Шерушілер Ақ үй мен парламентке басып кірмек болғанда қауіпсіздік орган қызметкерлері күш көрсеткен: резеңке оқтар, көз ашытатын газдер мен балондарды қолданды. Шерушілер да құр қарап тұрмай, күш қолданғандарға тас атты. Кей ақпарттарға сүйенсек, демонстранттар Бішкекте баррикадалар орнатуда.
Шеруге қатысушылардың бірі Ерболдың көзіне газ шашылған екен. Қазір ол ауруханада жатыр. Тілшілерге берген сұхбатында газдың әсері жаман екенін әрі қатты ауратынын айтқан. Дегенмен олардың кері шегінер ниеттері жоқ.
Президент мәлімдемесі
Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков Бішкектегі дүмпуден кейін үндеу жасады. Видео ел президентінің ресми YouTube-арнасында жарияланған.
"Өткен түнде саяси күш өкілдері мемлекеттік билікті заңсыз басып алуға тырысты. Олар сайлаудың қорытындысы сылтау етіп, қоғамдық тәртіпті бұзды. Тұрғындардың бейбіт өміріне зиян келтірді. Олар құқық қорғау органдарына бағынбады, дәрігерлерді ұрды және ғимараттарды бұзды. Мен қарулы күш органдарына оқ атпай, қан төкпей, бірде-бір азаматтың өміріне қауіп төндірмеуді бұйырдым. Біз жағдайдың ушығып кетпеуі үшін қолдан келген шараның бәрін ұйымдастырдық. Мемлекеттегі тыныштық, қоғамның тұрақты болуы кез келген депутаттық шеннен құнды. Мен Орталық сайлау комиссиясына барлық заңбұзушылықты мұқият тергеуді және қажет болса сайлау қорытындыларын жоққа шығаруды ұсындым. Барлық отандысымды тыныштық сақтауға және арандатушы күштерге еріп кетпеуге шақырамын. Еліміздің бейбітшілігі және қоғамның қауіпсіздігі - ең маңызды құндылықтар. Мен барлық күшті ел тағдырын саяси амбициядан жоғары қойып, құқықтық алаңға оралуға шақырамын", - деді Жээнбеков.
Парламентке кім өтті?
Қырғызстанның бір палаталы заң шығарушы органындағы 120 депутаттық мандат үшін 2 мыңға жуық адам күрескен. Оның 107-сі ағымдағы яғни алтыншы шақырылымның депутаттары.
Сайлаудың алдын ала нәтижесі жарияланған соң жеңілген партиялардың лидерлері оппозициялық блокта бірігіп, Бішкек, Ош әрі Нарындағы жақтаушыларын шеруге шақырды. Ел астанасында 7-10 мыңға жуық демонстрант жиналды. Шеру Талас пен Қаракөлде де болған.
Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, ең көп дауысты “Биримдик” (24%) партиясы жинаған. Партия мүшелерінің көбі Жээнбековтың командасынан екені белгілі еді. Қатарында президенттің ағасы да бар.
“Мекенім Қарғазстан” партиясы 23%
жинады. Оның мүшелігінде
Қырғызстан кеден қызметі төрағасының бұрынғы орынбасары Райымбек Матраимовтың ағасы
бар. Ол елден 700 миллион доллардың шығуы мен кедендегі коррупция мәселелерін
халықаралық деңгейдегі тергеу ісіне қатысқан.
Коронавирустың билікке кесірі
Қырғызстан осыдан оны жыл бұрын парламенттік басқару жүйесіне көшкен. Билік реформасы 2010 жылдың 7 сәуірінен кейінгі революциядан кейін орын алған. Ол күні билікке қарсы шеру басталып, мыңғдаған адам жарақат алды, 87 адам қаза тапқан. Дүмпуден кейін сол кездегі президент Құрманбек Бакиев елден кетуге мәжбүр болды.
Бакиевткен кейін президент болған Алмазбек Атамбаев 2019 жылы саяси істерден алшақтатылып, коррупция айыбымен түрмеге қамалды.
2017 жылы президент болған Сооронбай Жээнбековтің саяси стилі халыққа жаға қоймады. Халық оны елдегі саяси және экономикалық проблемалар ғана алаңдатады деп есептейді.
Covid-19 пандемиясы тұсында президенттің елдегі абыройы мұлде төмендеген. Белсенділер оның үкіметін әрекетсіз отыр деп айыптады. Тіпті президенттен импичмент жариялауын талап етті. Елдегі өлім саны артып, карантин бюджеттің бестен бірін қысқартқан.
Айта кетейік, сайлаудың нақты қорытындысы екі апта көлемінде жарияланады.