Уақытты қалай тиімді пайдалану керек?

Уақытты тиімді пайдалану әдістері 

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Менің жақындарым әрқашан маған таңғалады. Барлығына үлгересің, онымен қоса бізбен уақыт өткізуді де ұмытпайсын дейді. Сол себепті өзімнің уақытты тиімді пайдалану әдістеріммен бөлісуді жөн деп санаймын. Осы орайда мен өзімнің достарыма сұрақ қойдым:
1. Бұрын соңды 80/20 әдісін естуіңіз бар ма?
2. Күнделік жүргізу өміріңіздің неше сағат уақытын алады?
3. Алдымен бір істі бітіріп қана келесі іске көшесіз бе?
4. Егер сіздің өмір сүруіңізге 1 жылдай уақыт қалса, не істер едіңіз?

Мұқтарқызы Ажар:

1)Жоқ,естіп көрмеппін.
2)Қазіргі таңда күнделік жүргізбеймін, өйткені бос уақытым күннен-күнге азайып жатыр.
3)Иә, бірақ кейде келесі іске көшіп кетемін. Себебі уақытыма мән бермеймін. 
4)Туған-туыстарыма көп уақыт бөлер едім және саяхаттар едім.

Қали Айбек:

1)Иә, естідім. Бірақ қолдану жайлы мүлдем ойлап көрмеппін.
2)Мен ешқашан күнделік жүргізіп көрген емеспін. Себебі,қалай бастау керек, қандай ережелерін сақтау керектігін білмеймін.
3)Иә,бәрін аяғына дейін жеткіземін.
4)Ондай таңдай басыма түседі деп ойламаймын. Басыма тускен жағдайда, алдыға қарай ұмтылуды тоқтатпас едім.

Астаубаева Айгерим: 

1)Естімедім. 
2)Мен күнделікті мүлде қолданбаймын. Бірақ өзіме қажетті қосымшалар,пәндер тізімін жазып, өз-өзімді бақылап отырамын. Яғни, күнделіксіз ешқандай қиындықсыз уақытыммен басқара аламын.
3)Әр жағдайда әрқала. Себебі, кейбір іс өте қиын болып көрінеді,сондай жағдайда құр жібергенше,басқа істі бітіріп,қиынына содан соң ораламын.
4)Ештеңе істемес едім. Өйткені,мен күнде орындағым келген нәрселерді орындаймын. Осы жауаптарға сүйініп мен тиімділікке байланысты өз ұсыныстарымды 4 кезеңге бөліп қарастырдым: 
1.Мен үнемі 80/20 әдісін қолданамын.Бұл ереже Парето заңы деп аталады.Оны итальяндық ғалым Вильфредо Парето ойлап тапты.Осы ережені уақытты басқаруға қолдана бастаған арқасында 80% ісімнің нәтижесін көрдім. Заттарыңыздың қандай 20% сіз үшіе ең құнды?(80%және одан да жоғары?)осы сұраққа жауап беріп көріңіздерші. Енді өміріңіздің осы салаларын қалай жақсарта алатыңызды ойлап көріңіз. Мысал ретінде,сіз уақытыңыздың 80%интернетте өткізіп ,одан алатын ләзәтыңыз 20% болса,Желіде не бітіріп жүргеніңізді ойлаңыз.Дұрысы бұл әдетіңізді басқасына ауыстырып,интернетке жұмсайтын уақытты азайту керек.Немесе заттарыңыздың 80%-ның 20% пайдаланып жүрсеңіз ,оларды лақтырып жіберіңіз,немесе сатып жіберіңіз.Киіміңізбен де дәл солай жасаңыз.
2.Уақытты тиімді жұмсаудың ең басты бөлігі-күнделік жүргізу.Уақытты дұрыс жұмсап ,өзін-өзі басқарамын деушілерге күнделіктен артық көмекші табылмайды.Себебі,күнделік жүргізу-өзіңе-өзің есеп берумен тең.Күнделік жүргізу үшін ешқандай ережелер талап етілмейді.Бірақ,күнделік жүргізіп бастай алмай жүрген жандарға айтар ұсынысым •алдымен,барынша ашық болыңыз.Бүртүрлі ойларыңызды,қиялдарыңызды жазуға жасқанбаңыз. •Күн сайын күнделік толтырыңыз.Уақытыңыз болса 1-2 сағат,кемдеу болса 10-20минут уақытыңызды бөліңіз. •Міндетті түрде жазба бастағанда күнделіктің жоғағы шетіне айдың,жылдың атын жазыңыз.
3.Мақсаттың,жоспардың қиындылығына қарамай,оны бітіріп ,содан кейін ғана келесісіне көшіңіз.Сонда ғана ойыңыздағы ,күнделігіңіздегі жоспарлар жүзеге асады.
4.Өмір сүруіме 1 жылдан аз уақыт қалды деп ойласам,ойымдкғы мақсаттарды бірден шындыққа айналдырамын.Осындай ойлар адамдардың өмірдегі маңызды заттар мен өмірлік мақсаттарын түсінуге септігін тигізеді.Бұл арқылы сіз нақты жоспар құрып,сол жоспарларды орындау жолында жұмыс істей бастайды. Осы айтқае кеңестерімнің арқасында сіз уақытыңызды тиімді пайдалана бастайсыз деген сенімдемін. Өміріңізде мүмкін емес нәрсе жоқ, сондықтан уақытты ұтымды жұмсай алатын әр адам үлкен жетістіктерге жете алады.