Bugin

Бақыт - әрбір адамның ұмтылатын ұлы мақсат

Қайырымды қала тұрғындары

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бір планетада өмір сүріп жүрген адамның барлығының ұмтылатын мақсаты, арманы бар. Әркімде әртүрлі. Біреуінде – Әлемді аралау, біреуінде – ғылым жинау, біреуінде –б айлық, билік.

Әл-Фарабидің «Қайырымды қала тұрғындары» трактаты Томас Мордың «Утопиясымен», бертін келе Жак Фресконың «Венера» (Шолпан) проектімен жалғасқан, өлмейтін, өшпес із қалдырған еңбек.

Ұлы ғұлама ойшылдың еңбегінің негізгі тұжырымы планетамыздағы әрбір тіршілік иесінің бақытты болуы. Жак Фресконың «Венера» проекті технологияның дамып, адамның өмір сүру сапасын заманына сайи өзгертуге негізделеді. «Қайырымды қала тұрғындарында» надандықтан аулақ болып, білім-ғылымға ден қойып, қой үстіне бозторғай жұмыртқалайтын заман утопияны орнату. Ғалымның осы еңбегінде жазып қалдырғаны қай заманда болмасын өзекті.

Адамзат әрқашан қозғалыста, дамуда. Бірақ, адамдықтың, адамгершіліктің негізгі аспектілері бір болып қала бермек.

Әлемнің екінші ұстазы, кемеңгер, ойшыл Әл-Фарабидің қалдырған еңбегін басшылыққа алып, ел басқаруда ғана емес, жоғары құзыреттілікті жүктеуде де қолдансақ, біздің елімізде утопия орнар еді. Ол дегеніміз, қызметкерлердегі бармақ басты, көз қысты деген ттүсініктен арылып, адамдар паразиттік санадан жоғары деңгейге көтерілер еді. Бір ғана сыбайлас жемқорлықты жою жастарды ғылымға жақындатып, индивид болуға біртабан жақындатты.

«Балық басынан шіриді» демекші, әрбір жұмысқа қабылдау, Әл-Фарабидің жазған басшы қасиеттеріне қарай жүргізілсе, еліміздің барлық саласы аздаған жылдар ішінде дамымақ.

Барлығымызға таңсық емес, XXI ғасырда технологияның дамуы күн сайын емес, сағаттап жүруде. Жак Фресконың «Венера» проектінде алдағы жақын болашақта жол полициясы керек емес. Полицияны алмастыратын видеокамералар мен есептеуіштер болады. Бір оқпен екі қоянды атуға мүмкіндік көбейеді. 

Адамға берілетін жалақы мен парадан аулақ өмір болмақ. Қазірдің өзінде адамды технологиялар алмастыратын бірнеше сала бар. Әл-Фарабидің заманындағыдай күнделікті тіршіліктің қарапайым дүниесіне азырақ кетеді. Сондықтан Сұлтанмахмұт Торайғыров айтқан «Жақсылық көрсем өзімнен, жамандық көрсем өзімнен» сөзімен әрбір адам өзінен бастап, жақсылыққа, бақытқа, ізгілікке ұмтылса, Әл-Фарабидің қайырымды қаласы дүниеге келеді.

Бақытқа жұмыла ұмтыламыз ба?

Әл-Фарабидің ғылымын игереміз бе? Мүмкін болашағымыз жарқынырақ болар... Бақыт параметрлері бар емес пе?! Бәрі психо-эмоционалдық деңгей немесе энергетикалық өріс деп айтатын параметрде материалдық қажеттілік жоқ, тек ішкі гармонияға негізделген. Демек, менталды әлем материалдық әлемнен жоғары, бақытты жұмақ мекен. Біздің де ұлы мақсатымыз, осы – ұлы мақсатымыз жұмақ мекен, қайырымды қала.