Қоғам
Қазақ тілінде қате жазған мекемелерге айыппұл тағайындасақ қалай болар екен?
Қарағандылық тұғындар қазақ тілінде жазылған мәтіндегі қателерді байқап, облыстық «Новый Вестник» редакциясына хабарласыпты.
Редакцияның мәліметінше, қала лифтілерінің біріндегі тақтайшаладағы қазақша мәтінді оқу да, түсіну де мүмкін емес.
«Сәлеметсіздер ме?! Мынадай жағдайды айтқым келіп отыр. Қазақстанда тұрамыз, бірақ әлі де қазақ тілінде қатесіз жазуды үйренбеппіз, сөзім жоқ», - деп ашуланды тұрғын.
Әрі тақтайшадағы мәтінді суретке түсіріп жіберіпті.
“Ережелерді пайдалану жолаушылар лифтілерін!” Тақтайшадағы мәтіннің тақырыбы осындай. Түсінгенімізше, мәтіннің орыс тіліндегі нұсқасын тікелей аудара салған. Әрі қарай…
“Автоматты есік ашылуы кейін көз жеткізіңіз, лифт автокөлік алдыңызда екенін. Белгісімен бірінші баланы стенд енгізу, кабинасы қалдырып кезде келіп баланы жіберіп”.
Мәтіннің қазақша нұсқасының түрі бұл. Қазақтың қаны басына шабары сөзсіз. Тақтайшаға жауапты мамандардың мемлекеттік тілді білмек түгілі мүлдем менсінбегені айдан анық. Бұл бір мысал ғана. Қатеге тұнып тұрған жағдайлар елімізде көп-ақ.
Дегенмен бүгінде қазақ тіліндегі қателермен күресушілердің де саны артып келеді. Қуантарлық жағдай. Тұрғындар тіл мәртебесіне жауапкершілікпен қарай бастады. Кішігірім қатенің өзін мекеме әкімшілігінің бетіне басып, дұрыс жазылуын талап етіп, мақсатына жетіп жатқандар қаншама. Дәл осы белсенділік жалғасын тапса, мемлекеттік тілді менсінбегендердің өзі тіл үйренуге бейімделер еді.
Ал қазақ тілінде қате жазғаны үшін айыппұл тағайында