Қоғам
НУ ғалымдары ана тілінде сөйлеуді цифрландырды.
Назарбаев Университетінің ғалымдары ана тілін автоматты түрде тануға мүмкіндік беру үшін қазақ тілінде 2000-ға жуық үлкен дыбыстық мәліметтер базасын жинады, деп хабарлайды Bugin.kz.
Бұл дауыстық көмекшілер біздің мемлекеттік тілді түсінуге көмектесіп қана қоймай, қазақ тілінің қолдауымен басқа да жаңа технологияларды енгізуге мүмкіндік береді.
Қазақ тілін дамыту үшін өз дауыстарын жазғысы келетіндер еліміздегі әлеуметтік желілер, блогерлер мен бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жиналды. Осының арқасында НУ Интеллектуалды жүйелер және жасанды интеллект институтының (ISSAI) ғалымдары 2000-нан астам адамның 300 сағаттық жазбасын жинады.
Мәліметтер базасына сүйене отырып, Назарбаев Университетінің ғалымдары алғаш рет қазақ тілінде сөйлеу корпусын құрды. Олар жасанды интеллектке сөздерді, мағыналық байланыстарды, айтылу ерекшеліктерін және сөздердің әр түрлі мағыналарын тануға үйретті.
«Бұрын үлкен деректер жиынтығының жеткілікті болмауы қазақ тілін цифлық әлемде шектейтін, сондықтан біз осы жобаны жүзеге асырдық. Енді біз экономика мен қоғам дамуына пайдалы болсын деген ниетпен қазақ тіліндегі дауыстық деректер жиынтығын зерттеушілермен әрі кәсіпкерлермен бөлісуге дайынбыз» - деді ISSAI NU директоры, профессор Атакан Варол.
Ғалымдар, сондай-ақ, олардың дамуы мүгедектерге, зағип жандарға көмектеседі, үйлестіру қабілеті бұзылған адамдар үшін сөйлеуді мәтінге айналдыруға мүмкіндік береді деп үміттенеді.