Қоғам

Ғалымдар дабыл қақты: Сәбилер қандай бөтелкеден сүт ішіп жүр?

Сәбилер сүтпен қоса микробөлшектерді де көп мөлшерде тұтынады екен.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ирландиядан келген зерттеушілер сәбилерге арналған бөтелкелерде микробөлшектердің көп мөлшері бар екенін анықтады.

Онымен қоса Nature Food журналындағы зерттеудің авторлары пластик бөтелкелердегі микробөлшектердің зияны жоқ екенін айтып отыр.

“Былтыр Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының зерттеу нәтижесі адамның орта есеппен пластиктен бөлінетін 300-400-ге дейін микробөлшектерді пайдаланатынын көрсеткен. Ал бүгінгі көрсеткіш біз ойлағаннан да жоғары болып тұр. Пластиктерден миллиондаған микробөлшектер анықталып жатыр”, - деді зерттеу авторларының бірі Джон Боланд.

Зерттеу қалай жүрді?                                

Эксперимент үшін 10 жаңа полипролипен бөтелкесін үш мәрте жуды, содан соң ДДҰ ұсыныстарына сәкес зарарсыздандырды, яғни 95 градус Цельсий температурасындағы суда 5 минут ұстады. Бөтелкелерді кептірген соң 70 градус Целсий суға бір араластырып алды.

Бірнеше мәрте зарарсыздандырылған 1 литр бөтелкенің өзінен 4 миллионға жуық микробөлшек табылған. Яғни әр сәби бір күнде жарты миллионға жуық микробөлшектері бар пластик бөтелкелерден сүт ішеді.

Осы күнге дейін күнделікті тамақтан көп мөлшерде микробөлшектер табылды. Алайда адам денсаулығына тигізер зияны дәлелденбеді.